Қыр баласы

Қыр баласы
жеке
блог

Қыр баласы

          Ең алғаш университетке келген сәтте, барлығы таңсық, барлығы жаңа, барлығы қызық болып көрінді. Соның бірі біздің университет көлемінде конференция өткізу мүмкіндігі бізді жаңа білімге, жаңа ізденістерге деген қызығушылығымызды арттыра түсті.

     Университетімізде әрбір студенттерге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. «Өткенін білмеген, ертеңін бағамдай алмайды» дегендей, Екі шет тілі мамандығының, 1 курс студенттері т.ғ.к., профессор Қозыбақова Ф.А. ғылыми жетекшілігімен 101 топтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында «Қыр баласы» атты  ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға дайындық барысынды, Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкеханов жайында көптеген ізденіс жұмыстарын жүргіздік. Біз және өзге де студенттер білмеген «Қыр баласының» жаңа қырларын аша білдік. Конференцияға дайындық барысында көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мәселен,  Алаш зерттеушілері Қойгелдиев М., Омарбеков Т., тарихшыларымен танысып, сұхбат алынып, Қызылорда және Семей қалаларындағы Алаш зиялысы Әлихан Бөкейхановтың асыл мұраларымен танысып, Алматы қалалық мұрағатына барып, Әлихан Бөкейхановтың жеке құжаттарын өз көзімізбен көріп қайттық. Алихандай ұлы адамды зерттеу бізді өте қатты қызықтырып, зерттеу кезінде анықталып жатқан деректермен біздің ғылымға деген жаңа көзқарасымыздың пайда болуына алып келді. Біз секілді ғылымға құштар, үнемі ізденіс үстіндегі жастарға барлық уақыттарын тиімді пайдаланып, конференция өткізу мүмкіндігін берген т.ғ.к., профессор Қозыбақова Фатима апайға алғысымыз шексіз.

     Дәл осындай конференция жұмыстарын жүргізу арқылы біз, жастар өз тарихымызды, тарихи тұлғаларымызды білуге, зерттеуге, болашақ ұрпаққа дәріптеуге тиістіміз.

 

Фатима Қозыбақова,

Тарих ғылымдарының кандидаты,

 профессор, жетекші

Аружан Бейбітбекова,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

университетінің студенті