"Балуан Шолақ" фильмі көрерменге жол тартты

"Балуан Шолақ" фильмі көрерменге жол тартты
жеке
блог

"Қазығұрт" киностудиясы қазақтың халық композиторы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны, ұлт қайраткері Балуан Шолақтың өмір жолы туралы фильм түсірді. Аталмыш фильмнің премьерасы күні кеше Алматы қаласындағы "Chaplin" кинотеатрында болып өтті. Ұлт тарихындағы ірі тұлғаның өмірін суреттейтін фильмнің тұсаукесеріне көпшілік молынан жиналды.

Түсірілім алаңынан

Отандық туындыдан алған алғашқы әсер - қазақ ұлтына деген мақтаныш сезімі. Фильм аяқталысымен, Балуан Шолақ - қандай батыл, нағыз ержүрек, ұлтының жанашыры деген теңеулер бірінен соң бірі пайда бола берді. Балуан Шолақтай нар тұлғалы ел азаматының болуы - халықтың, ұлттың бағы деп білуге болады.

Түсірілім алаңынан

 Картинада патша үкіметінің озбыр саясаты, қазақ ұлтының езгіге ұшырауы айқын көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кейіпкердің ержүректігі, адамгершілігі, батырлығы, алып күш иесі екендігі толық ашылған.

Актерлер де өте шебер ойнаған. Әсіресе, басты рөлді сомдаған белгілі актер Еркебұлан Дайыров өзінің кәсіби шеберлігін көрерменге тағы да бір дәлелдеді. Қазақи бет-пішіні, болмысы, сөйлеу мәнері батыр бабамыздың тұлғасын тірілткендей әсер қалдыртты. Жалпы, актерлік құрам кәсіби сомдап шықты деп көрермен ретінде жоғары баға бергім келеді.

Түсірілім алаңынан

Атап өтетін жайт, көгілдір экран мен бұқаралық ақпарат құралдарында тыс қалатын, үлкен еңбектің нағыз иелері – олар - осындай әсерлі туындыны түсірген кәсіби мамандар тобы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Балуан Шолақ» фильмінің режиссері - Нұргелді Садығұлов және түсірілім жұмысының көп қырына жауапты, екінші режиссер – Самат Әлім.

Түсірілім алаңынан тысқары жүретін біздерге бұл жұмыстың қиындығы білінбесі мүмкін. Бірақ, фильмдегі әр қимыл, әр іс-әрекет, айтылған сөз, эмоция, табиғат, тіпті ауа-райының қайсы ыңғайлы болатынын алдын-ала ойластырып қоятын, әр құбылысты бақылауда ұстап отыратын – ҮЛКЕН ЕҢБЕК – осы азаматтардың жұмысы.

Түсірілім алаңынан

Рухты бабалардың ұрпағы екеніңді сезіндіретін, намысыңды оятып, ұлтыңа деген сүйіспеншілік сезімін тереңдете түсетін бұл тамаша дүние үшін «Қазығұрт» киностудиясына - мың алғыс!

Халық өз бағасын беріп, алғысын білдіріп жатыр. Бірақ та, осы еңбек отандық киноиндустрия саласында еленсе екен деген тілек бар. Нұргелді Садығұлов, Самат Әлім сынды талантты режиссерлерге мемлекетіміз қолдау көрсетсе, еңбектерін бағаласа, нұр үстіне нұр болар еді..

Түсірілім алаңынан

 

Фото brod.kz сайтынан алынған.