Ұлы даланың ұлттық өнері

Ұлы даланың ұлттық өнері
жеке
блог

Алтай мен Еділдің арасындағы ұлан-ғайыр ұлы даланың иесі Қазақ елі екендігін дәлелдеп, өзге ұлттар мен ұлыстардан айшықтайтын ең бірінші кезекте қазақтың ұлттық өнері мен салт-дәстүрлері екені бесенеден белгілі. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, құрметтеу арқылы біз Қазақстанымызды  күллі әлемге таныстыра аламыз. Ата-бабадан келе жатырған ұлттық өнерімізді құрметтеп, насихаттау бүгінде әр қазақтың міндеті десек артық айтанымыз болмас.

Қазақтың ұлттық өнерін насихаттап өзге елдерге таныстыру мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститетінің филология және әлем тілдері факультетінің екі шетел тілі мамандығының 1-курс студенттері т.ғ.к., профессор Қозыбақова Фатима Акынбаеваның жетекшілігімен "Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы" пәні бойынша "Ұлы даланың ұлттық өнері" тақырыбына онлайн-конференция өткіздік.  Ұлттық өнерімізді ұлықтауға арналған конференцияға Кореяның "Чоннам" Универститетінің, Үндістаннның "Дели" Универститетінің, Қытай Халық  Республикасының "Щи Ан" мемлекеттік универститеттерінің студенттері қатысты. Сондай-ақ конференцияны еліміздің барлық өңірінен 1000-ға жуық студенттер тікелей эфирде тамашалады.

Конференция барысында шетелдік студенттерді қазақтың ұлттық өнерлерімен таныстырып, сұрақтарына жауап бердік. Қазақтың ежелден қалыптасқан зергерлік қол өнері, бейнелеу өнері, би өнері, аңшылық өнері, дәстүрлі ән-күйі мен айтысы, атқа міну мәдениеті жөнінде баяндап, тың деректермен бөлістік. Оларға арнап ұлттық аспабымыз домбыра ойналып, қазақтың ұлттық билері биленді. Арнайы конференция үшін Қазақстанның әр түкпіріндегі ұлттық өнерді насихаттауға арналған мұражайлардан видеоматериалдар жинақтап қатысушыларға көрсетілді. Сондай-ақ Қазақстанға қонаққа келген шетелдік туристтерден ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнінде сұхбат алып, ойларын білдік. Онлайн-конференциямыз ағылшын тілінде жүргізілді. Шет елдік студенттерге қазақтың ұлттық өнері өте қызықты тақырып болды. Бір қуантарлығы қатысушылар қазақтың ұлттық өнерінің тарихы жөніндегі тың деректерді зор ықыласпен тыңдап, таңданыстарын жасырмады.   Сондай-ақ, конференция қатысушылары біздерге танымдық сұрақтар қойып, ой алмасты,  өз мәдениеттерімен ұқсастықтары жөнінде айтты. Тарихымызбен таныс болған шетелдіктер Қазақстанға келіп білім алу жөніндегі қызығушылықтарын жасырмады. 

Еліміздің ертеңі болатын біз -жастар- Қазақ елін әлемге танытып, қазақ ұғымын қалыптастыруды бүгіннен бастау керекпіз! Ғасырлар бойы өз алдына жетіліп, замана көшіне ілескен ұлттық мұрамызды ұрпақтар сабақтастығына бұзбай жеткізейік!

Қазақ елінің сан мыңдаған ғасырдан бастау алатын тарихымен тамырлас ұлттық өнерімізді ұлықтап насихаттау әрқайсымыздың парызымыз! Ұлттық өнерді ұлықтайық!

 

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститетінің филология факультетінің 1-курс студенті Ермуханбетова Шұғыла Алтынбекқызы

Жетекшісі: т.ғ.к., профессор Қозыбақова Ф.А.