Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "ФАРАБИ ӘЛЕМІ" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "ФАРАБИ ӘЛЕМІ" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті
жеке
блог

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2019 жылдың 08-11 сәуір аралығында дәстүрлі «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шет елдерінің студенттері, магистранттары, докторанттар және жас ғалымдар шақырылды. Аталмыш іс-шараға университеттің барлық факультеттері белсенді ат салысты. Соның ішінде философия және саясаттану факультетінің «педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылығымен, қатысушыларының сапалы дайындығымен ерекше көзге түсті. «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасында  9-сәуір күні өткізіліп,  екі секция бойынша қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Баяндамашыларды тыңдай отырып, олардың әрбіреуінің болашақта Қазақстанның білім саласының білгір мамандары, білікті ғалымдары боларына көзіміз жетті. Себебі барлығы дерлік заманауи ғылым мәселелерін көтеріп, тұшымды пікір білдіріп жатты. Конференция соңында комиссия мүшелері конференция талаптарына сай әділ бағаларын беріп, «Қазіргі жағдайдағы рухани-адамгершілік тәрбие мәселерінің дамуы» атты секциясы бойынша 3-орынды Керімқұл А.Н., Ментай А.Е., 2-орынды Жданова А., Ерболкызы А., Хон А.А., 1-орынды Жданова А. иеленді. Ал «Заманауи педагогикалық ғылым: даму болашағы және проблемалары» атты екінші секция бойынша  Салбаева А., Сырaтaй A.Н, 2-орынды Төлепберген Г., 1-орынды Исаева З. иеленді.  Аталған жүлделі орын иегерлерінің тәрбие мен білім берудегі өзекті тақырыптарды таңдап, оны жан-жақты ашып, өз пікірлерін ғылыми түрде жеткізе алу деңгейлері жоғары болды. Әрине, бұл жерде  ғылыми жетекшілерінің де еңбектері зор екені сөзсіз. 

        Конференцияның негізгі мақсаты - студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми және танымдық көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету болып табылады. Олай болса, осындай іс-шаралар сәтті жалғасын тауып, білімді, дарынды жастар лайықты қолдау таба берсін дегіміз келеді.

 

                                                                                              Авторы: ҚазҰУ магистранты Мұқтар Т.Т.

                                                                                             Жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Ашекеева Қ.Н.