Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Балалық шақ

Балалық шақ

Балалық шақ

Күндердің тез өтіп кетіп жатқанына таңғаласың, кейін оның күндер емес өмірің екенін аңғарасың". Өте орынды сөздер. Шынымен де уақыттың қас-қағым сәтте өтіп жатқанына шек келтіре алмаймыз. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттап,бастауышпен қоштасып, өтпелі кезеңнен өтіп жүрген сияқты едік. . . Қазір өміріміздің мүлде басқа бөлмесіндеміз.5 жыл бұрынғы өзімізге қарасақ уақытты босқа өткізіп, қателік жасап жатқанымызды көреміз. Сондықтан,    ә рқайсымыз кем дегенде бір рет өмірді кері  бұруға, өз қателерімізді дұрыстауға мүмкіндік алғымыз келетіні рас.  Сол себепті, мен, 16 жастағы өзіме хат жолдағым келеді. 

"Сәлем,16 жастағы Гүлден! Қалайсың? Не істеп жатырсың? Қателеспесем 10 сыныпта оқисың.Менің ең сүйікті сыныбым.Уақытты босқа өткізіп жүрген шығарсың, иә? Бұл-үлкен қателік.Оны кейін түсінесің... Саған бірнеше кеңес берейін деп едім.Қазірден бастап ҰБТға дайындал.Тіл үйрен, оқы көп нәрсе оқы… Басқа тілдерге мән бер, әлем әдебиетін оқы, қазірден оқы. 

Батыл бол, өз істеріңе өз өміріңе қатысты істерге батыл бол… Адамды қайтара алатын мінезіңді батылдыққа жұмсашы…Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Болашақ мамандығың туралы нақты ойлан. Арманда. Күнделік жазуды басташы, өтініш ! Әр күніңді, қызықтарды, мектептегі жаңалықтарды жазып отыршы.Маған болашақта қызық болар еді. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан, у ақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біл!А айтпақшы, саған болашақтан жаңалық айтайын ба? 2019 жылы елімізді басқа президент басқарады. Елестете алмай отырсың ба? Үйреніп кетесің????Мен тағы хат жазамын саған. Күт! Сау бол! "

Сізге де 16 жастағы өзіңе хат жазуға мүмкіндік болса, не жазар едіңіз?

0
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 02 сәуір, 14:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.