Қазақстанның болашағы-балалар көзімен

Қазақстанның болашағы-балалар көзімен
жеке
блог

Үңілсем бір сәт болашаққа бала көзімен,

Күй кешіп терең қараймын үлкен сеніммен.

Ойларда биік,зәулім үйлер секілді.

Байлықтар ағып елімнің қойнау кенінен.

 

Бәйтерек жайып,құлашың кеғге таласқан,

Нұршашып бізге сәулесін төгіп көк аспан,

Бейбітшілік желбіреп туым биікте,

Қол бұлғап міне егемен елім,Қазақстан.

 

Көп ұлттар кешіп тіршіліктің талайын,

Кең  құшақ жайған Қазақстан зәулім сарайын.

Төсіңде төлдеп,қырыңда шауып құлыным,

Келешегін шашып өмірдің ыстық арайын.

 

Армандар-асу,қиялдар-белес мендегі,

Болашақ биік туған елім сендегі.

Арманың титтей бұл қызыңның қабыл ал,

Болашаққа жоспар құрған мендегі...