Ана тілі ар-намыс тірегім

Ана тілі ар-намыс тірегім
жеке
блог

Қазақ тілім сенсің менің тыныш далам

Бір өзіңмен тіршілікте тыныстанам,

Мына момын даламның төбесіне,

Қазақ тіл деп кіршіксіз ту ұстағам.

 

Сөйлеп кеткен Әл-Фараби,ұлы Абай

Ана тілім қымбат маған анамдай

Туған тілдің қадірін білмейтіндер,

Қалай ғана жер басады ұялмай.

 

Туған тілді бағалайық дұрыстап

Қазақ тілім байлығы мол ырыс-бақ,

Тілімізді дамытайық,әрқашан

Кетпесін ол қалыс қалып,жалыстап.

 

Көтерейік тілімізді қазағым

Туған тілін байымаса сол азабын.

Тілін барда бақыттысың өмірде,

Тілім барда сан бәйгеден озамын!

 

Қазақ тілім шарықтай бер асқақтаған

Бұл менің саған деген басты арманым

Мен сені бәріненде артық көрем

Әлемдегі бар асыл жақұттардан.

 

Қазақ тілім ар-намысым тірегім,

Қазақ тілім лүпілдеген жүрегім,

Артық көрем бәріненде мен сені,

Шарықтай бер қазақ тілім еңселі.