Анама

Сөз маржанын анашыма жияйын.

Қанатыңды қақшы бүгін қиялым.

Құшағыңда тебіреніп анамның,

Бар ананың толғанысын ұғайын.

 

Бағын ойлап перзентінің сүйкімді,

Әлдиледің төрт бөліп түн ұйқыңды.

Алыс кетсем,анашым,сағынамын,

Нұрға толы жүзің менен күлкіңді.

 



Бөлісу: