Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / «Таныстыру» поэмасының көркемдік ерекшелігі

«Таныстыру» поэмасының көркемдік ерекшелігі

«Таныстыру» поэмасының көркемдік ерекшелігі

Сұлтанмахмұт Торайғыров – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі талантты ерекше құбылысы, қоғам қайраткері, әдебиеттің алтын ғасырынан өз орнын ойып алған еркесі де серкесі. Дарынды қаламгер небәрі 27 жыл ғана өмір сүрсе де, өзінің артынан өшпестей мол мұра қалдырған.<

Сұлтанмахмұт шығармаларының негізгі тақырыбы-өз заманындағы өмір шындығы, қазақ халқының сол аумалы-төкпелі кезеңдегі тұрмысы, жағдайы. Осыған байланысты ақынды ХХ ғасырдың реалист-ақындарының қатарына жатқызуға болады. Сұлтанмахмұт атамыз қазақ халқының бақытты, мәдениетті, тәуелсіз ел болуын арман еткен тұлғалардың бірі. Азамат ақын өмір сүрген кезең ХХ ғасырдың бас кезі – Ресейдегі ең бір дүр сілкіністің, азаматтық үшін арпалыстың кезеңі болды. Сол себепті қаламгердің шығармаларының басым бөлігі халықты бостандыққа, ұйымшылдыққа үндейді. Әдебиетте он-ақ жыл қалам тербесе де, өлең-жырлары өз алдына бір шынар болса, «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары, «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары шыншыл сырларымен, көркемдік сипаттарымен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін құнды туындыларға айналды.<

Ақынның халқы үшін, мен үшін көркемдік құндылығы жоғары шығармасы - «Таныстыру» поэмасы. Поэманың стилі-арнау. Ақын өзі сияқты қараңғы қапаста жатқан халықтың елдігін, еркіндігін аңсайтын қазақ даласының Абай, Шәкәрім сынды ұлы даналарын, Алаш зиялаларын таныстыру мақсатында "Таныстыру" поэмасын жарыққа шығарды. Поэманың бір ерекшелігі - ол оқыған адам мен қара қазақтың диалогіне құрылған. Қара қазақ аумалы-төкпелі кезеңде кімге сүйеніп, кімге сенеміз?-деген сұрақ қояды да, оқыған оған жауап береді.<

Сұлтанмахмұт Торайғыров таныстыруды Алаш орда үкіметінің тұңғыш төрағасы Әлихан Бөкейхановтан бастайды. Ұлт көсемі атанған қайраткер жайлы:<

Елі үшін құрбандыққа жанын берген,<

Бит, бүрге, қандалаға қанын берген,-<

деп Әлиханды өз заманындағы нағыз елін сүйетін адал адамы ретінде суреттейді. Екінші ретте тумай жатып жастарға даңқы кеткен жас жігіт Әлихан Ермекұлын таныстырады. Ақын Алаш қозғалысына ат салысқан жас қайраткердің ақ жүрегі, ақтығы, адалдығына бір ауыз сөз қарсы айта алмайтындығын атап өткен. Сонымен қоса поэмада бірі ұйықтап жатқан қазақты «Оян, қазақ!» деп жар салып оятса, бірі маса  боп ызыңдап оятуды көздеген М,Дулатұлы мен А.Байтұрсынұлының халқы үшін жасаған игі істерін:<

Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,<

Білемін бұл үш ердің айтпай жайын<

Кешегі қара күнде болмап па еді,<

Бірі-күн, бірі-шолпан, бірі-айым, -<

деп жырға қосқан. Ал қазақ даласының тұңғыш заңгері Жақып Ақбаев жайлы қаламгер:<

Белгілі Жақып мырза Ақбайұлы,<

Қызмет қылар кісінің бұ да бірі<

Азды-көпті атағын былай қойып,<

Тексергенде мынау ғой оның сыны, -<

деп ұлт зиялысының әділдігін жоғары бағалаған. Мен үшін поэмадағы атап айтуға тұрарлық бір нәрсе -Сұлтанмахмұттың Абай мұрасын жаңғырта дамытуының көрінісі. Ол қазақтың ұлы ақыны Абайға берген мінездемесінде Абайды басқа ақындар тобынан бөліп алады:<

Абайды дейін биік бұлтқа жетті,<

Аз білімі жетуіне жәрдем етті<

Алты алашқа атағы айқындалып<

Сүйікті, тағзым мінді суретті.<

Ал өз заманының ойшыл қаламгері Шәкәрімді «Ертеден бұл алашқа аты мәлім, ерте оянған кісінің бірі осы» дей келе оған деген ерекше құрметін көрсетеді.<

Сұлтанмахмұттың «Таныстыру» поэмасындағы негізгі проблема-қазақ зиялаларын халыққа таныстыру. Поэмадағы есімі аталған әр қаһарман  - өршіл арманның, биік мақсаттың иесі, ары да, жаны да таза, патриот, асқақ жан. Қаһармандардың өмірге, еліне деген сүйіспеншілігі бар, болашаққа деген қасиетті сенімі бар. Дарынды ақын әр ұлт зиялысын, көсемін таныстырғанда әдеби көркемдегіш құралдарды ерекше қолданған. Мысалы, «Күн», «Шолпан», «Айым» деп. М.Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов сынды айбарлы алаш ардақтыларын метафорамен бейнесін асқақтай суреттейді. Сұлтанмахмұт терең білімді, көркем-мінезді замандасы Әлімхан Ермеков жайлы:<

Меніңше, Ермеков-деген бала,<

Ұшады ұшқыр қыран қаршығадай, -<

деп жазған. Бұл өлең жолдарында ақын эпитетті қолданып, яғни жас алаш ордашыны ұшқыр қыран қаршығаға балаған. Қаламгер өз поэмасында ассонасты қолдану арқылы туындының көркемдік қуатын арттырды деуге болады. Ақынның «А» дыбысын құбылта ойнатуы  - ассонасты шебер қолдана білуінен деген ойдамын. Талантты ағартушының арнауында халықтың мақал-мәтелдері көрініс табады. Мысалы, Сабатаев Сатылғанды таныстырғанда:<

Сәтекеңдей жандардың бұл дүниеге,<

Тууының мәнісін білемісің?<

«Талантсыз құр оқумен түн болмайды»,<

Деген сөзге жаралған дәле үшін,-<

деп көрсеткен. Ең бастысы - ақынның әрбір өлең жолындағы өлең өрнектемесін өз танымы, өз жүрек сүзгісінен өткізетіндігі тайға таңба басқандай жарқ етіп көрініп отырды.<

Бүгінгі күнге аманат сөзін арнаған, ұрпағына мол мұра қалдырған Сұлтанмахмұт атамыз өткен ғасыр биігінен біздерге үн қатқаны қазіргі жастардың жүрегіне жол тауып, өміріне бағыт-бағдар болары анық. Егеменді Қазақстанның жоспары тарихтың қатал кезеңінде өмір сүрген  азамат ақынның асыл өсиет сөздерін, алты алашқа танымал абзал азаматтар есімін жырлап таныстырған арнау өлеңін өмірлеріне серік етсе, ештенеден ұтылмайды деп ойлаймын.<

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 23 ақпан, 15:46
Тегтер: Сұлтанмахмұт Торайғыров "Таныстыру" поэмасы шығарма

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.