Әлемдегі ең үлкен ара табылды!

Әлемдегі ең үлкен ара табылды!
жеке
блог

Ондаған жылдардан кейін қайтадан ең үлкен ара табылды!

Ересек адамның бас бармағымен бірдей ара индонезиялық кішкентай аралда табылған. Бірнеше күн бойы ғалымдар жабайы табиғаттан алып араны іздеп тауып,оны суретке түсіріп алған болатын.

Уоллес алып арасы ретінде белгілі бұл жәндікті 1858 жылы британдық натуралист,зерттеуші Альфред Рассел Уоллес зерттеген және ғалымның құрметіне есімімен атаған. Содан кейін 1981 жылы ғалымдар араны бірнеше үлгісін анықтаған болатын. Бірақ кейінірек алып араны ешкім көрген емес.

Қаңтар айында ғалымдар тобы Уолластың ізімен Индонезияға сапар шегеді. Сапарлары сәтті болып,әлемдегі ең үлкен араны табады.

Индонезиялық аралдарда Солтүстік Молучас деп аталатын аймақтағы ормандар әлі күнге дейін әлемдегі ең танымал және ең сирек кездесетін жәндіктердің орыны болып табылады.

Принстон университетінің энтомолог-дәрігері Эли Уайман экипаждың қатысушысы және аралар сарапшы. Ол қайтадан табылған алып араға бағытталған зерттеудің басталатынына және жойылмауы үшін қорғау әрекеттері болатынына үміттенетін айтқан.