жеке
блог

«Түрік» атауы қайдан шықты?

«Тұран» тақырыбының жалғасы.

Иран аңызы бойынша, Ферейдун (فریدون ) патшаның үш ұлы болады, Арнауаз (اَرْنَواز ) атты әйелінен: Тур (تور ) және Сәлм (سلم ), Шарназ (شَهرناز ) атты әйелінен кіші ұлы: Ирадж (ایرج ).  Ирадждан Иран елі тарайды, Турдан Тұран елі тарайды, жұрты Амудариядан жоғары қарай барлық жерді мекендейді. Тұранды билеген Турдың ұрпақтары: Задашм (нешінші буыны екені белгісіз), Задашмның ұлы Пашаң (پَشَنْگ ), Пашаңның ұлы Афрасиаб (افراسياب‎ ) ...
Афрасиаб – ол Тұранның Ұлы қағаны Алып Ер Тоңға екені Жүсіп Баласағұн жазбасынан белгілі болды. «Ғұндардың басшысы Мөде – Афрасиабтың оныншы буын ұрпағы» - дейді. Йылмаз Өзтуна «Осман Империясының тарихы».

Қазақ шежіресі бойынша, Нұһ пайғамбардың үш ұлы болады: Йаф (Йапес/Йапет), Һам, Сам. Йапестің сегіз ұлы болады, үлкені Түрікті басқаларына төре тағайындайды, шын аты Нәдулеше. Түріктен Тұран жұрты тарайды. Ал, Сам тұқымынан Ираннан Мысырға қарай халық тарайды.

Грек мифі бойынша, титандар: Ұран (Οὐραν), оның ұлы: Йапет (Ἰαπετ), оның Климини (Κλυμένη) атты кей деректе Асия (Ἀσία) атты әйелінен төрт ұлы: Атлас (Ἄτλας), Прометей (Προμηθεύς), Эпиметей (Ἐπιμηθεύς) және Менетей (Μενοίτιος). Титандар соғысы кезінде, Зевс (Ζεύς) Менетейді өлтіреді, Йапет пен Атласты Тартарға тастайды, Прометейді, адамзатқа от әкелгені үшін Қауқас тауына шынжырлап қояды. Зевстің ұлы Геракл (Ἡρακλῆς) Прометейді құтқарады...

Мұнда, Прометей деп Йапеттің ұлы Түрік бейнеленген болуы мүмкін, себебі Қазақ шежіресі бойынша адамзатқа от әкелген - Түрік:

«...Адамның тұқымынан Нұх пайғамбар,
Ыдырыш ұлы Хам, Сам, Йапес, міне, осылар.
Йапестің бір баласы Түрік деген,
Өрбіген содан туып талай жандар....

...Түріктің шын аты еді – Нәдулеше,
Түрік деп неге аталған тыңда осыны:
Қарлы Алтай қатты суық тауда жүріп,
От жаққан Нәдулеше оймен біліп.
Суықтан сүйтіп елін сақтаған соң,
Түрік деп хан көтерген патша қылып...

...Қазақтың түп атасы – батыр Түрік,
Арабсың деген сөздің бәрі өтірік...» - Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Түрік десе, көпшілік оны тек Түркия халқы деп ойлайды. Бірақ, шежіре бойынша: «қазіргі Түркия аталған бұрынғы Осман Империясын Қаңлы тайпасы құрған, Қаңлы тайпасы Қазақтан шыққан, ал Қазақ – ол Йапестің ұлы Түріктен тарайды». Қазақты көбінесе Түріктің неменесі Алаштан таратады. Және де, қытайлық деректер бойынша, Хань династиясы кезінде (б.д.д. 206 ж. - б.д.д. 220 ж.), қытайлықтар қазақтарды Қаңлы деп атаған.

Осылайша, шежіре бойынша: барша түрік халқы - түп атасы, Нұһ пайғамбардың немересі Түрік атымен аталып жүр.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі