Сопрано дауысты әнші Айзада Капонова Құрманғазы Оркестрімен бірінші жеке шығармашылық кешін өткізеді

Сопрано дауысты әнші Айзада Капонова Құрманғазы Оркестрімен бірінші жеке шығармашылық кешін өткізеді
жеке
блог

Айзада Капонова  - «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының солисті, «Құрмет» орденінің иегері және халықаралық байқаулардың лауреаты. Әнші он жылдан астам киелі сахнада өнер көрсетіп келе жатыр. Осы уақыт аралығында көптеген сахналық образдарды иеленген, оның ішінде А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай» операсындағы - Ажар, М.Түлебаевтың «Біржан-Сара» операсында - Алтынай, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында - Жібек, Б.Қадырбектің «Қалқаман – Мамыр» операсында – Мамыр рөлі. Сонымен қатар, классикалық операда орындаушылығы: Дж. Верди «Травиата» - Виолетта, «Риголетто» - Джильда, Ж. Оффенбахтың «Гофман ертегілері» - Олимпия, В.А.Моцарт «Сиқырлы флейта» - түн патшайымы, Г. Доницетти «Лючия ди Ламмермур» - Лючия және т.б.

Концертке ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин және  Батыржан Мықтыбаев, республикалық байқаулардың лауреаты: Асел Рахымжан және т.б қатысады.

Концерт дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Құрманғазы Оркестрінің бас дирижері – Абылай Тлепберген.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 83

Уақыты: 2019 жылдың 20 қаңтары, сағат 19.00-де.

 

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:

8 (727)279-01-92, 87024214118.