Құрманғазы оркестрі әлемдік хиттерді орындайды

 Құрманғазы оркестрі әлемдік хиттерді орындайды
жеке
блог

Іс-шара - музыкалық аспаптар көрмесі, фотозона, шеберлік сағаттар және ұлттық сусындар дәмінен басталмақшы.

Концертте  әлемге танымал  Sting, Леонард Бернстайн, Карл Дженкинс, Андреа Бочелии, Zaz, Антонио Вивальди, Джеймс Ласт және тағы басқа көптеген шетелдік композиторлардың шығармалары қазақ оркестрінің сүйемелдеуімен орындалатын болады.

Сонымен қатар, кешке қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары: Мирас пен Құралай, Жеңіс Ысқақова, «Satzhan project» тобы, тағы да басқа танымал жеке орындаушылар және Құрманғазы Оркестрінің солисттері қатысады.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 83

Уақыты: 2019 жылдың 15 ақпаны, сағат 19.00-де.

 

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:

8 (727)279-01-92, 87087505328