Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Айналмалы спираль": Депрессияға қарсы. Жалпы шолу.

"Айналмалы спираль": Депрессияға қарсы. Жалпы шолу.

Сәлем, массагет! Көптен бері блог жазып отырмын. Оның өзіндік себептері де бар. Ол жөнінде бір бөлек блогта жазып кетермін. Ал қазір бірден тақырыпқа көшсек. Осыдан біраз уақыт бұрын Алекс Корбтың "Восходящая спираль" атты миды зерттеу саласында жазылған еңбегімен жалпы таныстым. Тек қана жобасымен ғана. Оны толық оқып шығу жалпы жоспарда бар. Десе де, кітаптың қысқаша түсініктемесіне сеніп, қорытып, бір мақала жазып отырған түрім ғой. Бұл мақалада алдымен сіздерге түсінікті болуы тиіс терминдерді атап өтемін. Ал келесі блогта кітаптың негізгі мәнін ашуға тырысамын. Бәрін бір мақалға сиғызу қиындық тудыратын секілді болып көрінді маған.

Бұл кітаптың негізгі мақсаты және айтатын әңгімесі бұл - депрессиямен күрес. Бірақ, оның ерекшелігі бұл еңбекте көпшілік үйренген "уайымдама", "бәрі жақсы болады", "өзіңе сен" деген сөздер жоқ. 
Алекс Корбтың кітапта жазып, оқырманға жеткізгісі келген дәйектің барлығы ғылыми зерттеулер мен сынамалардан өткен нақты әрі сенуге тұрарлық фактілер. Көбіне кітапта депрессия кезінде ми қалай жұмыс жасайды және ми арқылы қалай депрессияны жеңе аламыз деген сұрақтарға нақты жауап беруге тырысады. 

Және осы кітапта Корб "адамның көңіл-күйі - спираль тәрізді" дейді. "Төмен қарай бір айналса - түсе береді, түсе береді. Бірақ жоғары көтеруге қауқарың жетсе - көтеріле береід, көтеріле береді". Осы фактіні есте ұстай отырып Алекс мырза спиральды қалай жоғары қарай бағыттауға болатынын үйретуге тырысады. Бұлар:

- Физикалық күш жұмсау;
- Шешім қабылдау кезіндегі сенімділік;
- Сапалы ұйқы;
- Сапалы ас мәзірі;
- Дұрыс әдеттер қалыптастыру;
- Қолдау.

Бұлардың барлығы да көпшілігімізге таныс әрі жалықтырып үлгерген сөздер болар. Десе де, Алекс мырза бұл сөздерді аспаннан түскен жерінен тауып алған жоқ. Ол үлкен зерттеулер өткізіп, ғылыми түрде өз еңбегін дәлелдеді. Сондықтан да кейінгі сөздерім сіздің назарларыңызға лайық деп сенемін.

Ең алдымен, депрессияның қалай пайда болатыны жөнінде сөз қозғай кетсем. 
Адамда ми болады. Мидың өзі бір ғана мүше емес, ол да көптеген бөлшектерге бөлінеді. Және осы мүшелердің ішінде ең басты әрі маңыздылары бұл - префронтальді қабық және лимбикалық жүйе. Олардың міндеттері мынада: префронтальді қабық адам баласының саналы түрде жасайтын іс-әрекеттеріне жауап береді, мотивация, дисциплинаны қалыптастыру, жоспарлап үйрену тағы басқа.

Префронтальді қабық
Ал лимбикалық жүйе эмоция мен сезім үшін жауап береді. Кейде осы екі қабық бір-бірімен келіспей жатады. Осындай ситуация орын алған кезде депрессия сезімі пайда бола бастайды. Біз бұны "жүрек пен сананың келіспеушілігі" деп атап жатамыз. Десе де бұл кәдімгі мидың өзінің арасындағы конфликт. 

Лимбикалық жүйе
Мұндай жағдайдың орын алуына көптеген нәрсе себеп болуы мүмкін. Десе де ең көп кездесетін жәйт - сіздің миыңыздағы белгілі бір химиялық заттардың не артуы, не кемуі болып саналады. Бұл заттардың балансы ми үшін аса маңызды. Сондықтан да алдымен осы мида үлкен рөл атқаратын химиялық заттарды немесе нейромедиаторларды, олардың қызметін атап өтсем:

1. Серотонин - адамның мотивациясы үшін жауап береді, бақытты сезінуге көмектеседі. Оны "жақсы көңіл-күй гормоны" немесе "бақыт гормоны" деп атайды.

2. Норэпинефрин/норадреналин - ойлау қабілетін іске қосады, арттырады, концентрацияны арттырады, стрессті жеңуге көмектеседі. "Сергектік гормоны" деген атаумен танымал.

3. Дофамин - "рақат гормоны". Көпшілік есірткілерде кездесетін медиатор. Оның негізгі функциялары - өмірден ләззат алуға көмектесу және де дағдыларды қалыптастыру үшін аса қажет.

4. Окситоцин - сенім, махаббат сезімдерін күшейтеді, үрейді азайтады. Сондықтан да оны "сенім гормоны" деп атайды.

Нейромедиатор
5. Гамма-аминомай қышқылы/гамма-аминобутират - құрамы және функциясы бойынша окситоцинге өте жақын.

6. Мелатонин - сүйікті "ұйқы гормоны". Ұйқы шақыру және ұйқының реттілігіндегі басты гормон. Жалпы ұйқы үшін маңызды.

7. Эндорфин - көп жағдайда ауруды елеп-ескермеу жағдайында пайда болады. Немесе эндорфин пайда болғанда адам ауруды елеп-ескермейді. "Қарсылық гормоны".

8. Эндоканнабиноид - эндорфинге өте ұқсас.

Нейромедиатор
Бұлар мидағы барлық нейромедиаторлар емес. Десе де ең бастылары. Оларды көп жағдайда кәдімгі химиялық элементтерді қосып, таблетка түрінде пайдалануды, сол арқылы мида белгілі бір медиаторларды оятуды ұсынып жататын мамандар болады. Бірақ, мен екінші блогта Алекс Корб ұсынған тиімді әрі қауіпсіз жолды ұсынғым келеді. Мақала пайдалы болды деп сенемін.

2
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 18 қаңтар, 01:59
Тегтер: Ми, ми жұмысы, префронтальді қабық, лимбикалық жүйе, нейромедиатор

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.