Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 85 жылдығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 85 жылдығы
жеке
блог

Жаңа 2019 жылды қарсы алып , жаңа белестерге аяқ бастық . Ал міне , қаңтардың 15 жұлдызында Шығыстану факультетінің студенттері асыға ҚазҰУ кампусына бара жатыр .

Неге екенін білесіздер ме ? Себебі , дәл осы күні Қазақстанның дамуына үлкен үлесін қосып жүрген Қазақ Ұлттық Университетінің 85 жылдығы . Иә , еліміздің ең үздік университетінің туылған күні аталып өтті. Әр факультет , соның ішінде біздің Шығыстану факультетіміз, барлығы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің алдында жиналып, әсем әуен қойып , университетке деген маxаббаттарын сөзбен жеткізді. Бұл флешмобтың әсерлі болғаны сонша , жол бойында өтіп бара жатқан адамдар назарын аударып жатты. Шынымды айтсам , сол флешмобта қатысып тұрғаныма өте қуандым. Себебі , бұл менің ҚазҰУ-ым және мен онымен мақтанамын!

Жасай бер , жайнай бер менің ҚазҰУ-ым!