Танымал спорт жұлдызымен ауладағы кездесу

Танымал спорт жұлдызымен ауладағы кездесу
жеке
блог

Алматыға турнирге келген танымал хоккей жұлдызы уақыт тауып, Брэндон Боченски ауладағы мұз айдынында жас хоккейшілер мен олардың ата-аналарымен кездесті. «Барыс» хоккей клубының капитаны өзі де кезінде ауладағы жасанды мұз айдынында хоккей ойнауды үйренген екен.

Брэндон Боченски: «Кішкентай күнімде мен ата-анаммен, көрші балалармен осылай жасанды алаңда хоккей ойнап өстім. Барлығы осындай алаңнан басталды. Бұл айдында жаттығып, спортқа көңіл бөліп жүрген жас өрендердің алар асуы әлі алда. Олардың болашағынан үлкен үміт күтуге болады»

Танымал спортшының Алматыға келіп, кездесу өткізуі «Sport Concept» қоғамдық қорының арқасында жүзеге асты. Қор ауладағы спортты ұйымдастыру жолында көптеген тірліктер атқарып келеді. Басты мақсат – балалардың спортпен айналысуына жол ашу. Қор құрылтайшысы Алексей Кузнецовтың айтуы бойынша, барлығы ұлдары Янның хоккейге қызығушылығынан басталды. Әкесі баласының хоккеймен айналысуы жеңіл әрі қолжетімді болуы үшін мұз айдынын салып, басқа да аулаларда орнату мақсатында қоғамдық қорды құрған. Бұл мұз айдынында балалар Hardee’s Kazakhstan компаниясының қолдауымен қыс мезгілінде тегін коньки теуіп, хоккей ойнауды үйрене алады. Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары қор тарапынан тегін түрде спорт костюмдерін, коньки  т.с.с. сыйлықтарды алып келеді.