Алматыда таза су бар

Алматыда таза су бар
жеке
блог

Біз қандай су ішіп отырмыз? Судың тазалығына мән береміз бе? Судың сапасына кім жауапты? Алматыда таза су табуға бола ма?

Әрине, болады! Алматыда таза су бар! «Керемет Су СКЕ» зауытында 2009 жылдан бері Samal суы өндіріледі. Кез келген жан зауытқа экскурсияға келіп, судың қалай өндірілетінін көре алады. БАҚ өкілдеріне арналған арнайы экскурсия кезінде компания қызметкерлері судың тазалығын зерттеп, оның бұлақтан қалай алынып, шараларға қалай өндірілетінін бақылап қайтты. Айта кететін жайт, Samal суы 100% отандық өнім болып табылады. Себебі, су Алматы іргесінде орналасқан мекеннің бұлағынан алынады, құйылатын шаралар мен олардың қақпақтары елімізде шығарылады.

«Керемет Су СКЕ» компаниясы тек сапалы су өнімдерін шығарып қана қоймай, ел игілігі үшін де қызмет етеді. Мысалы, Алматы хайуанаттар бағындағы пілдер үшін су бұрқағын орнатып берді. Сондай-ақ, жыл сайын өткізілетін «Алматы Марафон» қайырымдылық шарасында қатысушылардың жарнасын төлеп береді.