DJ PHILCHANSKY: "Назима - өте мықты әнші"

DJ PHILCHANSKY: "Назима - өте мықты әнші"
жеке
блог

Тәуелсіздік күні мерекесінде Шымбұлақта «Grelka» мейрамханасының ашылуы өтті. Арнайы шақырылған қонақ белгілі саунд-продюсер, көптеген хиттердің авторы DJ PHILCHANSKY (Black Star Inc.) келген қонақтарға ойнап берді.

 

DJ PHILCHANSKY (Black Star Inc.):

 

«Мен Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын. Өкінішке орай, қазақстандық орындаушыларды білмейді екенмін. Назима есімді қызды жақында таныдым. Өте мықты әнші. Біз «Black Star Inc.» командасымен гастрольдік сапарларға жиі барамыз. Болашақта бірлесіп жұмыс істеп жатсақ таң қалмаңыздар»

Мейрамхананың ашылуына келген қонақтардың барлығы викториналық сұрақтарға жауап беріп, ұтыс ойындарына қатысып, сыйлықтар алып жатты. Енді Шымбұлаққа шаңғы немесе сноуборд тебуге келген жандар немесе көрікті мекенді көруге келген туристтер мейрамханаға келіп, авторлық дәмдерді татып, демала алады.