Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Әлемге әйгілі «Notre dame de Paris» тұңғыш рет қазақ тілінде

Әлемге әйгілі «Notre dame de Paris» тұңғыш рет қазақ тілінде

Әлемге әйгілі «Notre dame de Paris» тұңғыш рет қазақ тілінде

Елордамыз Астанада 18 желтоқсан күні елеулі оқиға орын алды. Бас қаламыздың 20 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аңызға айналған француз мюзиклі «Notre dame de Paris» алғаш рет қазақ тілінде қойылды. Көрсетілім 18 желтоқсаннан 24 желтоқсанға дейін жалғаспақшы. Айта кетерлігі, биыл мюзиклге де 20 жыл толды.

мәдениет министрі

Музыкалық қойылымды қазақ тілінде өткізуде ҚР мәдениет және спорт министрлігінің үлесі көп болды. Қазақ тіліне тәржімаланған қойылымды өткізу жауапкершілігі «Astana musical» мемлекеттік концерттік ұйымына жүктелді. Концерттік ұйым бұған дейін "Қыз Жібек" этно-фольклорлық мюзиклін халыққа тарту еткен болатын. 

Аңызға айналған мюзикл танымал жазушы Виктор Гюгоның француз тіліндегі тұңғыш тарихи романы «Париждік әулиеана соборының» желісі бойынша жазылған. Мюзикл алғаш рет 1998 жылы 16 қыркүйекте Парижде қойылды. Мюзклдың қоюшы режиссеры Роберт Мариен, композиторы Рикардо Коччанте. Қойылым түпнасқасында Бельгия, Франция, Канада, Щвейцария елдерінде көрсетілді. Аталмыш музыкалық қойылым осыған дейін 9 тілге аударылған. Міне, енді әйгілі мюзикл қазақ тіліне тәржімаланды. Қазақ тіліндегі либретто авторы Серікзат Дүйсенғазы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Серікзат Мақсұтұлы әлемдік шедеврге айналған Виктор Гюгоның романы негізінде қойылатын «Notre-Dame de Paris» мюзиклін қазақ тіліне аударды. Мюзиклдің авторлары Р.Коччанте мен Л.Пламондонның іріктеуі бойынша басқа ақындар мен аудармалшылардан үздік атанған Серікзат Дүйсенғазы отандық мәдениетті дамытуда атсалысуда. 

17 желтоқсан күні мюзиклдің алдын ала көрсетіліміне барған болатынмын. Мюзикл Астана қаласында орын тепкен «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті. Музыкалық қойылымнан алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Декорация, әртістердің жанды дауыстары, әртістік шеберліктері, көрермендердің қолдауы - бәрі-бәрі жоғары деңгейде болды. Әсіресе, декарация Франция мен Италиядан арнайы алынған. Мюзикл екі бөлімнен тұрады. Қойылымда 1482 жылы болған қайғылы оқиға суреттеледі. XV ғасырдағы шіркеу билігінің шарықтау кезеңіндегі дінбасылардың қарапайым халыққа, оның ішінде дінсіздерге, әсіресе, сығандарға деген дискриминация ашық көрсетіледі. Және ортағасырлардағы мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарастың қандай дәрежеде екенін аңғаруға болады. Тартысты әрі шынайы сезімге толы қойылымды көру барысында уақыттың зымырап өткенін аңғармадық. Сатқындық, шарасыз сезім, арамдық, баянсыз махаббат, екіжүзділік – барлығын мюзиклден сезіне алдық. Қалың халықты тұнық сезімдерге бөлей білген актерлердің шеберлігіне сөз жоқ.

Егер сіз де дәл осылай эстетикалық ләззатқа бөленіп, XV ғасырдағы Парижді көргіңіз келсе, міндетті түрде мюзиклге келіңіз. Виктор Гюгоның реалистік әлеміндегі әйгілі оқиғаның куәгері болыңыз.

1
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 20 желтоқсан 2018, 03:35
Тегтер: қазақ тілі, аударма, мюзикл, виктор гюго

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.