"Аспан асты" елінің мерейлі мерекесіне арналған іс-шара

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен.Осы жылы сол студенттердің қатарына мен де қосылдым .Қазіргі уақытта ҚазҰУ-дың  факультеттерінің бірі - Шығыстану факультетінде білім алудамын. 

  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультеті шығыс тілдерін меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындаудың республикалық ірі орталықтарының бірі болып есептеледі.Факультеттің серіктестерінің қатарында Қазақстандағы Шығыс елдерінің елшіліктері, сондай-ақ факультет оқытушылары мен студенттері тілдік және ғылыми тәжірибеден өтетін Қытайдың, Кореяның, Түркияның, Иранның, Үндістанның, Жапонияның, Египеттің және т.б. елдердің ірі университеттерін айтуға болады. Шығыс елдерінің елшіліктері шығыстану факультетіне үлкен көмегін көрсетіп келеді.

  Қыркүйек айының он бесі күні Қытайдың бас елшісі Чжан Вэй мырза қатысқан Қытайдың тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.Бұл іс-шарада факультетіміздің бетке ұстар , белсенді стунденттері ,сонымен қатар білікті ұстаздары өнер көрсетті . Олар бізге Қытайдың мәдениетін , дәстүрін , тілін жоғары деңгейде көрсете білді .Факультетімізге келген қонақтар үлкен алғысын білдіріп , іс-шараны ризашылықпен тәмамдады . Бұндай кішігірім іс-шаралар мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтады деген ойдамын .



Бөлісу: