Жаныма жолдас болған жыр өлеңім

Жаныма жолдас болған жыр өлеңім
жеке
блог

     Адам баласының бойына туа біткен ақындық өнер ол əрине екінің біріне беріле бермейтіндігі сөзсіз. Осы күні көсемдерше көсіліп шешендерде шешіліп қара өлеңнін жілігін шағып майын ішіп жүргендер кемде кем. Өлең ол өнер дарындылық талаптылық жалпы адам баласынан көп табыла бермейтін басты құндылық. Себілсе жырдың дəнегі терек боп шығар мəуелі демекші кейбір өлең шумақтарының өзі өмірімізді біршама өзгертіп жататыны белгілі. Десекте жырмен жылынып өлеңмен өсіп өніп жүргендер мүлдем жоқ деп айта алмаймыз. Жырдың орнын əрдайым жоғарыда ұстайтындардың көңілге қуаныш əкелетіндігіне дəн ризамын. Өлең жазу өркеннің өсуі көңілдің ебі тіліңнің емі десек артық айтпаспыз. Жалпы алғанда кешегі бабалардың қалдырып кеткен үлгі өнегесінде үлкен мəн мағына тəлім тəрбие жатыр. Кейінгі ұрпақ сол ақын жыраулардың салып кеткен ізімен жүріп болашаққа беттеп келеді. Жанына жыр кітапты жақын тартып жақсы көретіндердің жаман болып кетуі мүмкін емес. Жырмен емделіп жырмен өсіп жырмен жол бастаған əрбір пенде артына өзіндік бір тарихты тастап кетері анық. Жырды жүрекке жақын қабылдап жазғаннан кейін оны тыңдар құлаққа жағымды етіп жеткізуі өнердің бір саласы болып табылады. Өлеңнің бəйгесінде оза шауып оқ бойы дара кеп жүрген жас жеткіншектерде аз емес, əрине бұл жағдай бəріміз үшін қуанышты хабар. Ертеңгі елдің ұрпағы өлеңмен өсіп жырмен жүйіткіп жатса қандай кересет десеңші. Өмірді өлең ететін жалпы əлемнің таңғажайып тылсым дүниелерін жырлайтын жүректен шыққан жылы сөз əрдайым таусылмасын. Көңілге көп бақыт əкелетін көрікті сөздердің сұлбасын жадымызда сақтап жанарымызға жас толтыра оқып отыратын кезең мүлдем жоғалмаса екен. 
   Жаныма жолдас болған жыр өлеңім 
   Шабытым келер мəңгі күнде менің 
   Ел жеріме бір қасиет бер десе егер 
   Ойланбастан жылы сөз жыр беремін.

 
 
                          

                        Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 2 курс студенті Ускинова Жадыра