ҚазҰУ-да «Сұңқар кубогы» Smart Student’s Project чемпионатының маусымашар кезеңі болып өтті.

ҚазҰУ-да «Сұңқар кубогы» Smart Student’s Project чемпионатының маусымашар кезеңі болып өтті.
жеке
блог

 

      Қара шаңырағымызда «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында«Сұңқар кубогы» Smart  Student’s Project чемпионатының маусымашар кезеңі болып өтті.Тарқатып айтар болсақ әзіл әлеміне қанат қаққан жас өрендеріміз сахна төрінде салтанат құрып,қағытпа қалжың,орынды оспақ,астарлы әзілмен санамызды өрнектеп,өнерлі жастар келген қонақтардың екі езуін жиғызбай,күлкіге қарық қылды.

      ХХІ ғасыр жастарының идеологиясына негізделген бұл «Smart  Student’s  Project» атауына заты сай арзан күлкі мен ойсыз қалжыңнан арылып, жастарға айтар сөзі бар, естіген құлақтың есінде қалатындай әзіл айту арқылы күлдірте отыра саналарына ұлттық тәрбиені сіңдіру мақсатын көздейді.Университетімізде жастар үшін жасалып жатқан игі жұмыстар мен мыңнан жүйрікті шығаратын сайыстар көп-ақ. Дегенмен «Smart  Student’s  Project» бұрын соңды болмаған жаңаша бағыттағы ерекше жобаның маусымашар кезеңі жоғары деңгейді өттіп қана қоймай,келген қонақтардың көңілінінен шықты деп толықтай айта аламыз.Осы орайда студент жанашырларына айналған ерек жобаның елеулі ұйымдастырушылары «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағына ерекше алғыстымыз.

 

Мәдина Қани

Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі, 3-курс студенті