ҚазҰУ-да «ҚазҰУ студиясы» жобасының тұсауы кесілді!

ҚазҰУ-да «ҚазҰУ студиясы» жобасының тұсауы кесілді!
жеке
блог
   Қара шаңырағымыз Қазақ Ұлттық Университеті студент жастар үшін игі бастамалардың негізін қалап жүрген жаңашылдық пен ізденімпаздыққа толы орта.Сөзіме дәлел күні кеше «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің лауреаты, лирик ақын, дарабоз драматург, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреатыI.Жансүгіров атындағы сыйлықтың және Ж.Жабаев атындағы халықаралық сыйлығының иегері «Парасат» орденінің иегері,Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің лауреаты, «Платинді Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, от ауызды, орақ тілді ақын Исраил Сапарбаймен кездесу жоғары деңгейде өтті.
•       «ҚазҰУ студиясы» жобасының алғашқы қонағы Исраил Сапарбай атамыз жаңа бағыттағы жарқын жоба,болашаққа құрылған бағдарлы бастама «ҚазҰУ студиясының» тұсауын кесіп, жастарға сырлы сұхбат берді. «ҚазҰУ студиясы» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттерге ұлы тұлғалармен кездесу сапында ұлы мүмкіндік сыйлаумен қатар, тектіліктің үлгісі Исраил атамыздың ғибратты әңгімесімен жан байытып, жалынды жастардың көңіл көкжиектерін кең ұстауға негіз салды.Кездесу барысында келуші қонақтар,студент-жастар өз көкейтесті сұрақтарын қойып, ойда жүрген түрлі сауалдарға, нағыз қазақылықтың ісі аңқыған Исраил атамыздыңғибратқа толы ғұмырнамасына қатысты толыққанды жауап алды.Сондай-ақ, Исраил атамыз саналы жастардың игі бастамасына өз ілтипатын білдіріп, тәрбиелік мәнді көздейтін тағылымды жобалардың көбеюін қалайтынын тілге тиек етті. 
•     «ҚазҰУ студиясы» елпілдеп кердеңдейтін керексіз көп жобаның бірі емес, білім мен ілімге жаны құмар жастар үшін үлгі алып үйренер ұлы тұлғалармен кездесіп,жүздесіп сырлы сұхбат жүргізу арқылы саналылыққа бейімдейтін жоба болмақ. «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының «ҚазҰУ студиясы» жобасы алдағы уақытта көреген өренді жастардың сүйікті жобасына айналарына сеніміміз мол.

                                     

                                                                           Мәдина Қани

                         Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің 3-курс студенті