Сиқыр әлеміндегі жаңалық

Сиқыр әлеміндегі жаңалық
жеке
блог

15 қарашадан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында британиялық жазушы Джоан Роулингтің туындысына түсірілген «Фантастические твари: Преступления Грин-де-Вальда" атты фильм жарыққа шықты. Басты рөлде Эдди Редмэйн өте дарынды сиқыршы Ньют Саламандер болып ойнайды.


Бұл кинотуынды "Фантастические твари" фильмінің 2 бөлімі болып саналады. Жалпы сюжет әлемге әйгілі Гарри Поттер заманына дейінгі магия әлемі мен магия мектебі Хогвартста болған оқиғаларды қамтиды.

Екінші бөлімнің сюжетіне тоқталатын болсақ, басты рөлдердің бірін ойнайтын сол жердегі ең қауіпті сиқыршы Геллерт Грин-де-Вальт (Джонни Депп) МАКУС құзырынан қашып құтылады, сонысымен барлық магия әлеміне үлкен қауіп қатер тудырады. Бұл жердегі оның басты көздегені, сиқыршылардың маглдардан әлде қайда құдіреттілігін мойындату, яғни осы екі әлемнің тепе-теңдігіне нұқсан келтіргісі келеді. Осындай ойын жүзеге асыру үшін Грин-де-Вальт өзіне жақтастарды жинайды.
Басты қауіпті кейіпкерге қарсы тұру үшін жас сиқыршы ұстаз Альбус Дамблдор ( Джуд Лоу ) өзінің бұрынғы шәкірті Ньют Саламандерден көмек сұрайды. 


Фильм барысында өзінің батылдығымен көзге түскен Лета Лестрейндж (Зои Кравиц) пен Тесей Саламандерді ( Каллум Тернер) атап айтуға болады.
Бірінші бөлімдегі танымал болып қалған әпкелі сіңілі Полентина және Куинни Голдштейн мен Якоб Ковальскиді көруге болады және сонымен қатар, жаңа да кейіпкерлерді тамашалауға болады. Мысалға айта кететін болсақ: Нагайна- жыланға айналатын әйел, кейін "Гарри Поттердегі" Волен -де-Мортқа қызмет етеді; алxимик-Николас Фламель, Альбус Дамблдордың досы, "Гарри Поттер" фильміндегі философиялық тастың жасаушысы.


Жалпы фильмнің түсіріліміне келетін болсақ, сапасы көңіл тойдыратындай. Кино режиссер Дэвид Йейтстің кезекті туындысы дүйім жұрттың көңілінен шығады деген ойдамыз. Нағыз Поттероман ретінде сиқырдың жанкүйерлеріне баруына кеңес беремін.

P.s: Өзіме ең әсер қалдырған Ньют Саламандердің мейірімділігін «Нет такого монстра, которого ты бы не полюбил» деп сипаттағаны болды.