Мотивациялық əңгіме

Мотивациялық əңгіме
жеке
блог

Астанадағы Назарбаев университетінде белгілі бір психолог дәріс жүргізіп жатады. Дәріс қызып, аудитория тұтас ұстаз сөзіне ұйи бастағанда, профессор қалтасынан 1000 теңге шығарады да, жоғары көтереді. Сұрайды, «мынау ақша кімге керек?».


Аудиториядағы 200-дей тыңдаушының бәрі қолдарын көтереді. «Жарайды» дейді ұстаз, «мен қазір бұл ақшаны Сіздерге басқаша әдіспен ұсынамын». Осылай дейді де ол аудиториядан ақшаның кімге керектігін қайталап сұрайды. Жиылғандар бір кісідей қолдарын тағы да көтереді. 

Осыдан кейін профессор мың теңгелік банкнотты асықпай еденге тастайды да, аяғымен мыжып, басып тұрып қайта қолына алады. Жерден көтерілген ақша лас, шаң жұққан, мыж мыж еді. Профессор аудиториядан қайта сұрайды:  

- Ал, бұл ақша кімге керек? 

Аудитория қайтадан бір кісідей қол көтерді. Профессор оқыс жадырайды. Сөйтеді де сөйлеп кетеді:  

- Қымбаттыларым менің, жаңа ғана Сіздер өмірлеріңіздегі ең құнды 

сабақтың бірін алдыңыздар. Мен бұл ақшаны жерге тастап, мыжып, табанға салып таптағанмен де Сіздер оны алғыларыңыз келді. Демек, ол әлі құнын жойған жоқ, ол әлі 1000 теңге! Ойлап көріңіздерші, біздің өміріміз де осы секілді. Біз кейде ағыстан шығып қалғандай, жағаға лақтырылған балықтай өзімізді керексіз сезінеміз. Бізді айналамыз лас, батпаққа тастай салады. Күнбе күн көзіміз көретін шындық осы. Дәл осындай сәттерде біз жаңағы 1000 теңгеліктей еденде жатамыз. Бірақ, біз ештеңеге қарамастан өз құнымызды жоғалтпақ емеспіз! Лас болайық, таза болайық, ақ, мейлі, қара болайық, бәрібір, бізді сүйетін адамдарымыз үшін, біз асыл қазынамыз! Бізді адам қылатын не істегеніміз емес, кіммен бірге жүретініміз емес, бізді Адам қылатын Өзіміз!