ЦИРК «HOLIDAY»

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы студенттер Альянсы ұйымының ұйымдастыруымен «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Қазақ мемлекеттік циркіне барып Holiday қойылымын тамашалап қайтты. Аталмыш шара аясында мүмкіндігі шектеулі жастар рухани байып, ұлттық құндылықтармен сусындап қайтты.

Мүмкіндігі  шектеулі жастар жануарлармен болған қойылымдарды ерекше қабылдады. Ат үстінде түрлі қимылдар  көрсеткен және акробатика өнерімен шұғылданған цирк орындаушылары өте жоғары деңгейде ойнады.

Цирк көрсетілім соңында суретке түсіп, қатысушылар өз алғыстарын білдірді.



Бөлісу: