Театрда кездескенше...

Театрда кездескенше...
жеке
блог

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы студенттер Альянсы ұйымының ұйымдастыруымен «Кедергісіз болашақ жобасы» аясында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлкеттік академиялық драма театрына барып, «Жаужүрек» драмалық қойылымын тамашалап қайтты.

Аталмыш шара арасында мүмкіндігі шектеулі жастар рухани байып, ұлттық құндылықтармен сусындап қайтты.

Театр көрермені болуға «Жігер» мүмкіндігі шектеулі жастар ұйымынан және Алматы қаласы ЖОО студенттері келді. Қазақтың балуаны, әнші-композитор, сері, халық арасында Балуан Шолақ атанған Нұрмағанбет Баймырзаұлының өмірінен сыр шертетін қойылымды көрермендер өте жылы қабылдады.

Театр аяқталған соң, суретке түсіп, ұйымдастырушыларға және театр ұжымына алғыс айтып тарқасты.