«КЕДЕРГІСІЗ БОЛАШАҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СПАРТАКИАДА БОЛЫП ӨТТІ

«КЕДЕРГІСІЗ БОЛАШАҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СПАРТАКИАДА БОЛЫП ӨТТІ
жеке
блог

Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» ұйымының ұйымдастыруымен «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында 13 қазан күні Республикалық зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапханада шахмат, шашки, тоғызқұмалақ ойындарынан денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спартакиада болып өтті. Спартакиадаға қаламыздың университет, колледж және мектеп-интернатынан жастар келді. Бас аяғы спартакиадаға 100-ге жуық жас спортшылар қатысты. Ойыншылар жас ерешеліктері және де басқа категориялар бойынша бөлінді. Әр спорт түрі бойынша ойын жеребе негізінде анықталып, ойыннан жеңілгендер ойын кестесінен шығып қалып отырды. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Жалпы саны 21 жүлделі орындар иесін тапты.

ШАШКИ БОЙЫНША ҚЫЗДАР АРАСЫНДА:

1-орын Қорғанбаева Динара Қуанышбайқызы

2-орын Көшербай Жансая Мәуленқызы

3-орын Дауталинова Аяулым Ардаққызы

ШАШКИ ЕР БАЛАЛАР АРАСЫНДА:

1-орын Болат Жанымхан

2-орын Мусаев Дәурен Еркінұлы

3-орын Бейсебаев Бахытбек Қуатбекұлы

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ БОЙЫНША:

1-орын Мейіржанова Айдана Айболатқызы

2-орын Еріс Жұлдыз Ерісқызы

3-орын Тленшиев Мұхит Шердалиевич

ШАХМАТ БОЙЫНША ЕРЕСЕК ЕРЛЕР АРАСЫНДА:

1-орын Карибаев Шаден Ширенбекович

2-орын Жұмабеков Мақсұт Таинович

3-орын Батыров Жеңіс Жолдығалиевич

ШАХМАТ ЖАС ЕР БАЛАЛАР АРАСЫНДА:

1-орын Юсупджанов Пархат Азатович

2-орын Құрмашев Батыр Сейітханович

3-орын Хапузов Асымжан Акимович

ШАХМАТ ЕРЕСЕК ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА:

1-орын Курмашева Назира Оналбеоквна

2-орын Виноградова Любовь Андреевна

3-орын Хмырова Галина Павловна

ШАХМАТ БОЙЫНША ҚЫЗ БАЛАЛАР АРАСЫНДА:

1-орын Жунисбекова Ақниет

2-орын Байболат Аяжан

3-орын Ермұрат Сабина

Жеңімпаздарымызды марапаттау рәсімі 18 қазан күні Республикалық зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапханада өтеді. Жүлделі орын иегерлеріне арнайы дипломдармен қатар бағалы сыйлықтар табысталады. Барша жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз.