Дипломсыз жұмыс істеуге болатын мамандықтар

Дипломсыз жұмыс істеуге болатын мамандықтар
жеке
блог

ҰБТ-дан аз балл жинадыңыз ба? Емтиханнан өте алмай қалдыңыз ба? Немесе дипломыңызбен жұмыс таппай жүрсіз бе? Әлде мамандығыңыз ұнамай ма? Ендеше, назарларыңызға дипломсыз-ақ  атқаруға болатын мамандықтар тізімін ұсынамыз. Екі қолға бір күрек табылатыны анық, тек қабілетіңіз бен талабыңыз болса болғаны.

Бармен немесе даяшы. Бұл мамандықты оқып жүрген студенттер де қосымша табыс көзі ретінде атқаруға болады.  Даяшылықтан көбі қашып жатса да, даяшы болып жүріп, өз-өзіңізді жетілдіруіңізге болады. Кейін өзіңіздің жеке мейрамханыңызды ашып қаларсыз.

Күзетші. Кез-келген орынға күзетші керек екені белгілі. Алайда, күзетшінің арнайы оқуы жоқ Тек денсаулығы жарамды, шыдам мен төзімді талап ететін бұл жұмысқа кез-келген жастағылар орналаса алады.
 
Шаштараз. Шаш қиюға ебіңіз болса, бір айлық шаштараз курсын оқып алсаңыз болады. Көптеген қыз-келіншектер күтімді болып жүрулері үшін өздерінен ештеңе аямайды. Шаш қиюмен қатар тырнақ бояу, массаж жасауды да қосымша үйреніп алсаңыз, әмбебап салон қызметкері болып шыға келесіз!
 
Сатушы-кеңесші. Стилист. Егер мінезіңіз ашық болып, адамдармен тез тіл табыса білсеңіз, сән әлемінен хабарыңыз болса,  түрлі бутиктер мен дүкендерде кеңесші болып орналасуға болады.
 
Фотограф. Кәсіби фотоаппаратпен сапалы суретке түсіре алсаңыз, фотоаппарат сіздің наныңыз болмақ.  Фотоға түсіру де үлкен өнер. Тынбай еңбектеніп, көп оқысаңыз ғана нағыз фотограф боларыңыз анық.
 
Тігінші. Тігіншілерді де дайындайтын арнайы курстарға жазылып, аз уақыт ішінде тігін тілін үйреніп алып, тіпті үйде отырып тапсырыс қабылдауыңызға болады.
 
Стюардесса. Сыртқы сұлулығыңызбен мақтана алып, ағылшынша сөйлей білсеңіз, стюардесса бола аласыз. Бойыңыз 160-175 см, киім өлшеміңіз — 46-ға дейін болса, бұлттардың арасымен жаһанның түкпір-түкпірін шарлауға дайындала беріңіз. Мінсіз мүсін мен әдемі келбет иесі болсаңыз, модельдік агенттіктерге барып, бағыңызды сынап көріңіз.
 
Жеткізуші. Интернет дүкендерден тапсырыспен, тағамдар, киімдерді үйіне дейін жеткізетін қызметтер бар. Сондай мекемелерге жеткізуші болып жұмысқа орналасуға болады. Оған жеке көлгіңіз не мотоцикліңіз болса болды.
 
Промоутер. Түрлі жарнамалық парақтарды таратып күнделікті нан табуға да болады.
 
Аспазшы. Арнайы курстарды оқымай-ақ дәмді тамақ әзірлей алатын болсаңыз, курстарға жазылып та мейрамханаларда аспазшы болуға болады.
Көлік жүргізушісі. Қазіргі таңда көптеген мекемелерге немесе лауазымды адамдарға жүргізуші керек екені белгілі. Тиянақты болсаңыз, бұл мамандықпен де нәпақа таба аласыз.
 
Еден жуушы. Кез-келген мекемеге тазалық қызметшісі керек. Бұл мамандық та мұқияттылықты талап етеді.
 
Әкімші. Адамдармен тез тіл табысып, сұрақтарына нақты жауап беріп, телефон тұтқасына жауап берсеңіз болды.
 
Жалпы адам баласы екі таңдаудан қателеспеу тиіс. Бірі — жары болса, екіншісі — мамандық таңдау. Әркім өз жүрек қалауымен, сүйікті ісімен айналысқанға не жетсін! ЖОО-н оқып алып, дипломыңыз құр сандықта жатқанша, дипломсыз да өз кәсібіңізбен айналыссаңыз болады.