"Ұлы дала комедиясына" билет ЖОҚ!!!

"Ұлы дала комедиясына" билет ЖОҚ!!!
жеке
блог

18 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында әнші Төреғали Төреәлінің "Ұлы дала комедиясы" фильмі көрсетіле бастады. Қуантатыны кино жарыққа шыққалы бері ел кинотеатрларында дәл осы киноға аншлаг. Елдер 1-2 күн барып, қалаған сеанс уақытына билет алып жатыр екен. Бұл өте қуантатын жайт. Яғни, қазақ киносына деген көңіл жоғары, жұрт сапалы кино көруге ұмыталады және ұлы дала халқы ұлы дала баласын кешірді))))))

Киноның өзіне келсек, өз басым алғашқылардың бірі болып, Sulpak Cinema және Chaplin Cinema компанияларының ұйымдастыруымен өткен көрсетілімінде көріп алғанмын. Тұсаукесер кезінде 2 залда халыққа лық толды. Киноны барлығы да жақсы қабылдап, аяғына дейін күлкіге батып жатты. Кино сөз жоқ өте жақсы түсірілген. Сценарийі де жақсы ойластырылған. Таза еңбек! Ұлы дала баласының кино әлеміне жасаған алғашқы қадамына ат салысқан "Назар аудар" мен "Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының жігіттерінен бастап, киноға түскен кәсіби актерлердің барлығы да жұдырықтай жұмылғаны көрініп-ақ тұр. Таза еңбек!

Кино әлде де өз көрерменін күтеді. Киноға міндетті түрде отбасыңызбен, достарыңызбен барып, тамашалаңыздар!