"Асыл да адал Шерағам"

"Асыл да адал Шерағам"
жеке
блог

Жазушы, қазақ халқының қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі - Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза 1932 жылы қыркүйек айының 28 жұлдызында, қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Талапты ауылында дүниеге келіп, 2018 жылдың қыркүйек айының 10 күні Алматы қаласында дүниеден өтті.

Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, елінің мақтанышы, біртуар ұлы тұлғамыз - Шерхан Мұртаза атамыз. Ол кісі халық "Шераға" деп ерекше қастерлеп, құрметтеген. Біздің руханиятымызға үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері. Және де қазақ әдебиетіне мол мұра қалдырған ұлы қаламгер. Бұл кісіні танымайтын қазақ кемде кем.