Қара алтын

Қара алтын
жеке
блог

Қазіргі таңдағы « қара алтын» деп бағаланатын мұнайдың да өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы Америка құрлығынан Еуропа елдеріне тасымалданған мұнай ең алғашында бірнеше құтыға құйылған жүк болған екен. Сол кездері мұнайды дәрігерлер ауруды емдейтін, соның ішінде артритті емдеуге пайдаланған көрінеді. Қазіргі таңдағы кең қолданыстағы өнімдер алынатын мұнайдың мол қоры біздің елімізде де баршылық. Қара алтын біз ойлағаннан да құдіретті. Өйткені ол киген киіміміз, жүрген жолымыз, оқыған кітабымыз. 

  «Мұнайлы ел – Құдайлы ел». Әзіл аралас бұл сөздің астарында кейде шындық бар-ау деп те ойлайсың. Еліміздің жер қойнауынан 1 ғасырдан астам уақыт мұнай алынып келе жатқанын ескерсек, тәп-тәуір мұнайлы елміз,  ал сол мұнайдың арқасында құдайлы ел басқа болып тұрғанын ойласаң ішің ашитыны да өтірік нәрсе емес. Себебі неде? Мамандырдың жетіспеушілігінде ме, әлде озық технологиялардың болмауында ма? Еліміз мұнайдан мүлдем құр алақан қалды деу емес менің мақсатым. Тек еліміздің экономикалық жағдайы қазіргіден кішкене болса да жақсы болар ма еді деген ой ғой санадағы. Тек мұнай арқылы дамудың ұшар басына шығып жатқан елдер қаншама. Ал біздің жерден тек мұнай ғана емес, өзге де көптеген қазба байлықтар алынады. Тек дұрыс пайдалансақ болғаны емес пе.