Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ник Вуйчич. Өмірді мәнді де, сәнді өткізу әркімнің өз қолында!

Ник Вуйчич. Өмірді мәнді де, сәнді өткізу әркімнің өз қолында!

Ник Вуйчич. Өмірді мәнді де, сәнді өткізу әркімнің өз қолында!

Тоғыз ай құрсағында көтеріп, көптен күткен нәресте еді...

Емханадағы кішігірім бөлменің ішінде жүрегі қуаныш пен уайымға толы әкесі баласының өмірге келуін күтіп, әбден мазасыздануда. Анасының құрсағынан шығып келе жатқан қасықтай ғана сәбидің иығын көріп, өз көзіне өзі сенбеді. Бойын бір мұздай су алғандай дірілдеп, лезде бөлмеден шығуын дұрыс көрді.

Өмірін қара түнек басқандай, жүзі мұңға толы әкесі Борис Вуйчич, шыға салысымен:

-Дәрігер, менің ұлым... Менің ұлымның қолы жоқ па?

-Жоқ... Сіздің балаңыз қол-аяғы жоқ болып туылды, өте өкінішті...

-Бұл жағдайдың себебі неде, өтінемін, айтыңызшы?-деп, әкесінің көзінен ыстық жас тамшылайды.

Сурет 1. https://vk.com/nick_vujicic_minsk

Сурет 1. https://vk.com/nick_vujicic_minsk

             Ни́к (Ни́колас) Ву́йчич(ағылш. Nicholas James Vujicic)- кәсіби мотивациялық оратор, туылғанынан сирек кездесетін Тетра-Амелия деп аталатын синдроммен ауырады.1982 жылы 4 желтоқсанда Австралияның Брисбене қаласында Борис Вуйчич пен Душка Вуйчич отбасында дүниеге келген. Ол екі қолы және екі аяғы жоқ болғанына қарамастан ақыл-есі сау бала болып туылған.Сондықтан да ата-анасының өтініші бойынша ол мүгедектерге арналған емес,қарапайым мектепте білім алуға мүмкіндік алған.10 жасқа толған кезінде сыныптастары тарапынан көрген қорлыққа шыдамай, суға батып, өмірімен біржола қош айтыспақ болған. Алайда, оны жақындарының қандай азап тартатыны туралы ой тоқтатқан екен. Ол физикалық тұрғыдан кемістіктеріне қарамастан, серфингпен айналысуға, скейтборд тебуге құмар болады. Бос уақытында гольф ойнағанды ұнатады.
            Ол есепші(бухгалтер) және қаржыгер мамандықтары бойынша екі жоғарғы оқу орнын бітірген.19 жасынан бастап студенттер, балалар алдында өз өмірі туралы айтып, жастарды өмірді сүюге тәрбиелей бастаған.

Сурет 2. http://www.vmir.su

         Әлемнің 45 елін аралап, мектептер мен университеттерде өнер көрсетіп, көптеген адамдардың жүрегіне үміт отын ұялата білген. Жастардың өмір мәнін түсінулеріне түрткі болған атақты тұлға деп білсек болады.Аяқ жағындағы кішкене саусақтары көмегімен компьютерде 1 минутта 43 сөз теру арқылы өзінің өмірі және мүгедек жандардың жағдайы туралы бірнеше кітап жазып шығарған.

         Ол көптеген аудиторияның алдына шығып, өзінің басынан өткен қиын кездерін ораторлық мәнерде адамның жүрегіне жеткізе біледі. Кішкентай кезінде көшеге шыққанда балалар келіп: “Саған не болған?”, - деп сұрақ койғанда, ол: “Бәрі шылым шеккенен болды...” немесе “Мен ата-анамды тыңдамай, бөлмемде кәмпит қағазын шашып, жинаған жоқ едім” – деп, әзілдеп қояды екен.

Сурет 3. http://realpersonworld.blogspot.com

Қазіргі кезде Канаэ Мияхаре атты жары және Киёси Джеймс Вуйчич атты ұлымен АҚШ-тың Калифорния штатында тұрып жатыр.

Сурет 4. http://www.liveinternet.ru

           Ойланып көрейікші, өзіңізге кейде не үшін өмір сүріп жүрмін деген сұрақты жиі қоясыз ба? Көбінесе, біз айналамыздағы адамдарды кінәләй бастаймыз, ата-анамызға шағым жасап, әрқашан негативті ойлар ойлап өтетін күндер болады. Бет әлпетімізге қарап шашымның түсі немесе тырнағым ұнамайды деп жиі өзімізден мін тауып, барға қанағаттанбай жатамыз. Дегенмен, осындай кемшілігі бола тұра, басқаға бақыттың не екенін үйрететін адамның биографиясы таң қалдырмай қоймайды.Басына бір кішкентай қиындық түссе өмірден түңіліп, адасып жүргендер қаншама?! Он екі мүшесі сау бола тұра, не үшін өмір сүріп жүргендерін өздері түсінбей,неше түрлі бұрыс жолға салынып кеткендер қаншама?! Ник Вуйчич осындай адасқан жандарға үлгі болар адам екеніне күмән жоқ. Менің ойымша, әр адамның өмірі өз қолында, тек осыған шын жүрекпен сене білуіміз қажет.

Видео: https://www.youtube.com/watch?v=ecrsrzQ4V_M

1
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 29 қыркүйек, 00:05
Тегтер: Ник Вуйчич, Ник, Мотивация, Motivation, Арман
Пікірлер
+1
01 қазан, 11:24

Бiрiңiз білсеңіз, бiрiңiз бiлмессiздер, Албан руында Жарты деген ел бар. Бағзыда дүниеге бір қолы, бір аяғы жоқ ұл келіпті. Халық оның азан оқып қойылған атын ұмытып, Жарты атап кетіпті. Жарты жастайынан парасатты, мінезі көркем азамат болыпты. Дене бітіміндегi кемістігiне қарамастан, халық арасында сыйға бөленген және айдай сұлу Айбикеге үйленіп, Жарты деген үлкен елге айналыпты. Жартыға күйеуге шыққан Айбике ауқатты елден шыққан, бай адамның қызы болған екен. Оған сөз салып, әкесінің алдынан небір мықты жігіттер өткен екен. Алайда, Айбике туғанынан кемтар Жартыға тұрмысқа шыққан. Біздің елде "Жарты аман болса, жалпы аман болады" деген сөз осыдан шыққан.
Бұл орайда айтпағым, рухы мықты адамдар кез-келген уақытта, ортада жетістікке жетеді. Өздеріңiзге сеніңiздер, армандаңыздар және Жаратқанға, ата-аналарыңызға, сіздерге жақсылық және тіпті жамандық та жасаған адамдарға алғыс айтыңыздар)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.