Балмұздақтар(студенттер) білуі тиіс...

Балмұздақтар(студенттер) білуі  тиіс...
жеке
блог
1. Сен міндетті емессің! Белсенді болуға, тек 5-ке оқуға, мұғалімдердің тапсырмаларын орындауға, кафедраның ыдысын жууға міндетті емессің. Ұнамай ма, жасама! Ол үшін сені оқудан шығаруға ешкімнің хақысы жоқ! Бағаңды төмендетуге хақысы жоқ! 4 жылыңды біреуге қызмет етіп өткізбе.
2. Сен күткен әділдік болмайды! Мен де басында күйіндім. Бірақ бұл үлкен өмірге қадам басу екенін түсіну және қабылдау қиын, оған уақыт керек. Сөзбен айту оңай, бірақ іс жүзінде мойындау... Қолыңнан келетініне сенемін!
3. "Достардың" бәрі дос емес. Жылы сөйлеп, күле қарағанның бәріне ағыңнан ақтарыла берме. Дұрыс, сөйлес, аралас. Бірақ, ең жақын деген "достарыңның" өзі жай ғана баға үшін сатып кетсе таңғалма. 
4. Уақыт пен қаржыны өзіңе сал. Эгоизм сияқты көрінуі мүмкін, бірақ, өзіңді нағыз дамытатын шақ осы. 4 жыл тез өтеді. Дипломмен қоса сенде керемет қабілеттер мен әдеттер болғанын қалайтын шығарсың? 
5. Көппен ерме, өзгеше бол. Және одан қорықпа. "Басқалар да осылай істеп жатыр ғой" деген ойды мүлдем миыңнан алып таста. Көптің істегені дұрыс деген қағида еш жерде жоқ. Бұз қағидаларды! Олардың артынан еруге міндетті емессің! Өзгеше болғаның үшін тек қуануың керек.
6. Қызыл диплом саған не үшін керек?  Соны анықтап алшы? Көбірек көрімдік жинау үшін? Елге мақтану үшін? Әлде магистратураға түсіп, шынымен ғылым жолына өзіңді арнағың келе ме? Ойланып,  анықтап көр. Маған емес, өзіңе жауап бер. Өзіңе әділетті бол.