Менің демалыс күндерім
жеке
блог

Менің демалыс күндерім

Негізгі менің миымдағы жоспарларым бойынша демалыс күндерім -  менің өз-өзіммен, өзімнің шынайы қалауымдағы дүниелеріммен айналысуыма мүмкіндік беретін жалғыз уақыттар. Сондықтан да олар аптаның өзге күндерінен де тығыз, жылдам және суперактивно өтуге, "демалыс" деген атына қарамастан мені шаршатуға міңдетті еді. Мен Бұл екі күнде жасалатын жұмыстар менің болашағыма үлкен әсер ететіндігін, өз қызығушылықтарыммен айналысуға деген титтей мүмкіндіктер екендігін біле тұра барлығын керісінше жасаймын. Тіпті дәл қазіргі сәтте де мен бұл жайлы жексенбінің жартысын өткізіп алғаннан кейін ғана ойланып, өкініп осы постты жазып отырған жайым бар. 

Мысалы қараңыз: біз көп заттарды оның атауы бойынша ғана бөлініп берілген міңдеттерге пайдаланбаймыз ғой, солай ма ? Сол сияқты демалыс уақытын да таза демалысқа арнаудың қажеті жоқ. Әсіресе бұл үлкен кісілерді қойдым өзім секілді студенттерге ескеруге тұрарлық кеңес. Дәл қазір біреуді мысалға алып, біреудің атынан жазып қиналмай-ақ қойсам да болады, өйткені бұнын барлығы менің басымнан өтіп жатқан шынайы дүниелер мен актуалды мәселелерім. 

Мен аптасына 5күн оқып 2күн дем аламын. Осы демалыс күндері қонаққа  сіңілім келді және бұл постты жазып отырғаныма әсер еткен үлкен фактор да сол. Ол - бірінші курс студенті. Сабағы ағылшын тілімен байланысты болғандықтан сол тілде сайрап тұруға, оған қоса өз мамандығының да майталманы болуға міңдетті. Шыны керек мен оның оқуынын қандай екенің, сабағының соншалықты күрделілігін өз көзіммен көрмей тұрып "әлемдегі ең қиың оқу менікі. Өйткені кім күніне 8-10сағат оқиды" деп дүниені тіреп тұрған адамша дүрілдейтінмін. Осындай ойдың басымда бекітіліп қалғандығынан да шығар мен өзімді демалыс күндері қанша қаласам сонша ұйықтауға, телефонда төзгенімше телміріп отыра беруге толықтай құқылымын деп есептейтінмін.  Алайда кеше ғана бұл қылықтарымның олқылықтар екендігіне 1000%-ға көзім жетті: бірінші курста оқитын сіңілім сағат таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін универде, одан шыға салып 2сағат ағылшын курсында, оның үстіне 1-2күнде биге барамын, "Таланты первокурсников"-қа қатысамын дейді. Тағы бір жағынан анасы жұмыс жаса деп тартқылап жатыр, оған да көнді. Ал мен ше ? Мен бақандай 3ші курста оқып жатсам да жұмыс жасау дегенді жоспарға да алып көрмеппін, ата-анам да үгіттемеді. Және де оқуға түскенде мен өзімнің мамандығыма қатысы жоқтардың барлығынан бас тартып, өзім кезінде жақсы көрген би, "Жайдарман" ойындары дегендерді ойыма да алмайтын болғанмын. Сөйтсем жасап жатқандарымның да, ойлап жүргендерімнің де барлығы қате: "Бос уақытым аз" деп ылғи да байбалам салатын менің "бос уақытым азымның" түрі сіңілімдікінің жанында жарамсыз екен.

Менің тағы бір үлкен жаман қасиетімнің бірі - еріншектігім. Мен өзімді жоғары бағалайтын адаммын ба білмеймін, әйтеуір бұл минусымды да енді-енді мойындап келе жатырмын. Барлығын ойша жоспарлап немесе телефоныма түртіп кейін міңдетті түрде жасаймын деймін де қаншама идея, қаншама жұмыстарды сол күйі іске асырмай тастайтыным бар. Мысалы менің жазбаларымның бірінде былай деп тұр: "Демалыс күндері өзіме көңіл бөлемін. Телефонға, теледидарға қармаймын. Сабағымды оқып, үйдің жұмыстарын бітірген соң мақала жазумен айналысамын, портфолио жасаймын деген ойымды жүзеге асырамын". Қарап тұрсаңыз қаншама жұмыс, алайда шын мәнінде осылай болады: "Күңдізгі сағат 1де ұйқыдан тұру. Таңғы ас деп аталатын түскі асты ішу. Телефонда жату" бұл былайша айтқанда "ожидание vs реальность" сияқты, пландарымның барлығы "келесі аптадан бастап, келесі айдан бастап" деп кейіңге қалтырыла беруден жалықпайды.  

Егер мен сияқты өмір салтын ұстанатын адамдар болса сіздерге кеңесім: уақыт зымырап өтіп жатыр. Жайбырақат жүруге ешқандай да негіз жоқ. Бос болған әр секундынызды саралай біліңіз. Оның үстіне қазіргі заманда өзіңіз үшін өзіңіз күйіп-піспесеніз ешкім алдынызға тамақ қойып, үстінізге шапан жауып, басыныздан сипамайды, керісінше, әр минусынызды өзінізге мина етіп лақтырады. Мен тәрізді Ата-аналарыңызға арқаланып алудың да дұрыс еместігін мойындаған жөн, өйткені ешкім мәңгілік емес. Тағдыр олардың сізді үнемі дәл қазіргідей қамтамасыз ететіндігіне кепілдік бере алмайды, сондықтан болашақта бақытты болатынынызға 100% сенім сыйлайтындай жолды - еңбек етуді таңданыз.