Ең алғаш көлік тізгініне отырдым!
жеке
блог

Ең алғаш көлік тізгініне отырдым!

 XXI ғасырда қыз балалар көлік тізгініне отырса, таңғалмайтын болдық. Өйткені, XXI ғасыр-жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры.

  Ерте ғасырдан-ақ қазақ қыздары аттың құлағында ойнаған ғой, шіркін! Қазірде қыздар көлік жүргізе білсе еш оғаштығы жоқ деп білемін. Енді, көп созбай өзімнің қалай ең бірінші көлік жүргізгенім жайында айтып берейін. Мен алғашқыда керек десеңіз газ бен тежегіштің не екенін білмеуші едім. Ағам маған түсіндірді қайсы құрылғы газ, қайсысы тежегіш екенін(ағам жанымда отырды). Мен аяғыммен басып көріп газ бен тежегіштің қызметін сезіне алдым. Тежегішті бассам, көлік  тоқтайды, газды бассам көлік жылдамдығы күшейе түседі. Мен күнделікті көліктер зулап жүріп жатқанда жүргізу оңай деп ойлаушы едім. Мен ойлағандай оңай емес екен. Газге аяғымды қойғанда көлік жылжи бастады, менің жүрегім соғысын жылдамдата бастады. Мен дәл уақытта барлық жауапкершілікті сезіндім  Себебі, көлікте мен, ағам және үш сіңілім болды. Ағам маған бағыт-бағдар беріп отырды, көлік ақырын жүре берді. Мен 8-10 минуттай ғана жүргізсемде, өзімді өте бақытты сезіндім. Бірақ, көліктен түскеннен соң, 1 сағаттай уақыт аяғым дірілдеп, кеудемде қорқыныш, қобалжу сезімі тұрды. Маған көлік жүргізген өте қатты ұнап қалды. Енді  кәмелет жасқа толып, көлік жүргізуші құжатын алам дегенше  біраз тәжірибе жинап алсам деймін. 

Рақмет!