Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ажал алдындағы бақытты сәт

Ажал алдындағы бақытты сәт

Ажал алдындағы бақытты сәт

"Бақытты адам болмайды... бақытты сәттер болады". Той-думандарда, туған күн кештерінде айтылатын тілектер қатарынан осы бір сөзді жиі естиміз. Расында солай ма, олай емес пе, арғы жағын көзі қарақты оқырман салмақтай жатар. Менің бүгінгі айтпағым, футбол жайлы, футболдағы тағдыры сыйы жайлы, футбол сыйлаған бақытты сәт жайлы...

Бүгінде әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі саналатын футболды ұнататындар бар, ұнатпайтындар бар. Бұл спорт түріне қызықпайтындардың айтатын сөзі біреу ғана. "Бір доптың соңынан қуады да жүреді..." Қызығатындар үшін, футбол - ұлы өнер!

Қазақта баяғыдан айтылып келе жатқан "асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, қозы өсірген озар (екінші бір нұсқасы, қой бағып" құйрық жеген озар)" деген мақал бар. Мақал деуге де келіңкіремейді-ау... Себебі сол заманда тура мағынасында айтылған. Ал қазір ше? Асық ойнайтын бала жоқ. Доп тебуді кәсіпке айналдырғандардың тозғанын көріп жүрген жоқпыз. (Керісінше жанкүйер боламыз деп біздің жүйкеміз тозғаны болмаса...).

90 жылдардың басы әлем тарихындағы саяси оқиғалардың өршіген тұсы болды. Алпауыт саналған Кеңес Үкіметі тарқады. Балқан түбегіндегі саяси жағдай да спортқа әсер етпей қоймады. Нәтижесінде футболдан 1992 жылы Швецияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысатын құрамалар тізімінде өзгеріс болды. Кеңес құрамасы ТМД-ға "ауысты". Ал іріктеуде өз тобында үздік шыққан Югославияның орнына ойда-жоқта дат футболшылары баратын болды.

Дания құрамасы Еуропа чемпионатына баратыны жайлы ақпарға ешкім сенген жоқ. Тіпті демалысқа шығып, әлемдегі ең әдемі жағажайларда тынығып жүрген ойыншылары да. Бұл бір әзіл әңгіме, даурыққан дүние деп қабылдады. Ал шын мәнінде бұл тағдырдың тосынсыйы еді...

Команданың бас жаттықтырушысы Рихард Меллер-Нильсон әрең дегенде ойыншыларын жинады. Туыстарына хабарласып, жеке іздеп жүріп, әйтеуір төрт көздерін түгендеді. Сонда да сол кездегі даттардың танымал ойыншысы Михаэль Лаудруп оралған жоқ. Жаттықтырушымен арадағы келіспеушілік қытығына тисе керек.

Дания құрамасының Еуропа чемпионатына жоспары да болған жоқ. Одан өзге жартылай қорғаушы Ким Вильфорт та қызының ауыр дертіне байланысты кәрі құрлықтың басты додасына барудан бас тартты. Жалғыз қызының көрер жарығы аз қалған еді... Дегенмен ауыр халде жатқан 7 жасар қызы мен әйелі қолдау көрсетіп, жарысқа баруын көндірді. Бас жаттықтырушы да футболшының ойыннан кейін елге келіп-кетіп тұруына рұқсат берді.

1992 жылғы қарт құрлықтағы доп додасы - 8 құрама қатысқан соңғы Еуропа чемпионаты еді (одан кейін Еуропа чемпионатында құрамалар саны екі есе артты). Топтағы алғашқы ойында даттар азулы Англия құрамасымен тең ойнады (0:0). Екінші ойында шведтерге 1:0 есебімен есе жіберді. Осы ойыннан кейін Вильфортқа жұбайы хабарласып, қызының жағдайы нашарлағанын жеткізеді. Футболшы командаластарымен қоштасып, сәттілік тіледі. Оған тез арада Копенгагенге оралу қажет еді. Жарысқа қайта келмейтінін де айтып қоштасты. Оның жолын ешкім бөгеген жоқ. Бәрі де Вильфорттың жағдайын жақсы білетін...

Бұл оқиға Дания құрамасы жайлы деректі фильмдерде де айтылады (Foto: Captura del film)

Данияның топтағы соңғы ойыны Францияға қарсы өтеді. Ал Ким Вильфорт бұл ойынды қызы Линнің қасында ауруханада тамашалады. Даттар ойында бірінші болып гол соғып, кейіннен француздар есепті теңестірді. Ал ойын соңына қарай Эльструп Дания құрамасына жеңіс сыйлаған голды соқты. Команда екінші орынмен жартылай финалға өтті.

Вильфорт сене алмай аңырып қалды. Ал бұл сәтте бүкіл аурухана ішін қуаныш әуені, шаттық күлкісі кернеген еді. Жеңістің жаңғырығы әрбір палатадан шығып жатты. Аурухана қабырғасын күн бойы торуылдап жүрген ажал елесін қуғандай болды. Ауыр дерттен азап шеккен жандардың бірер сәтке болса да қуанғанын көрген футболшы өз-өзін ұстай алмады. Қызының да қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап тұрған еді. Вильфорт сене алған жоқ. Жеңіс осыншама қуаныш сыйлайтынын бұған дейін дәл осылай сезініп көрмепті. Өмірінің соңғы минуттарын өткізіп жатқан жандардың бақытты сәтін көрген Вильфорт шыдай алмады. Қараңғылау қуысқа барып, көз жасына ерік берді. Қызының қуаныштан күлімдеген жүзі көз алдында тұрды...

Жартылай финалда Дания құрамасын басты фаворит саналған Нидерланд құрамасы күтіп тұрды. Ван Бастен, Райкард, Куман, Гуллит, Бергкамп, Блинд, Франк де Бур, Ван Брекелен сынды ойыншылары бар азуы алты қарыс командаға қарсы ойнау оңай емес еді. Вильфорт ауруханадағы жағдайдан кейін ұлттық құрамаға қайта оралды. Оған барлығы сәттілік тілеп, шығарып салды. Ал футболшы оларды қуантуға асықты.

Дания мен Нидерланд арасындағы ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Вильфорттың командасы сапынан Ларсен дубль жасаса, қарсыластары сапынан Бергкамп пен Райкаард гол соқты. Қорытындысында финалға шыққан құрама пенальти бойынша анықталды. Даттар 5:4 есебімен жеңіске жетті. Пенальти орындағандардың қатарында физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да азып қажыған Ким Вильфорт та бар еді. Оның көз алдына ауруханадағы бақытты сәт оралды. Жеңіске жетсе, сондай қуаныш күтіп тұрғанын жан дүниесімен сезінді. Жеңіске бастар жолды да тапты... Дания құрамасы финалға шықты. Бұл жеңіс - отандас жазушысы Ганс Христиан Андерсен жазған ертегіден де асып түскендей болды.

Жартылай финалдан кейін Вильфорт ауруханаға қайта келді. Қызының халі де мүшкіл еді. Финалға қатысуға үзілді-кесілді қарсы болды. Бірақ туыстары мен ауруханадағы жандар футболшыға финалда ойнауын өтінді. Ажалмен арпалысып жатқан қызының өзі осыны меңзегендей болды.

Финалда Данияның қарсыласы Германия құрамасы еді. Даттар жылдам гол соғып, қорғанысқа мән берді. Ал шабуылдаумен болған немістер есепті теңестіруге сәт сайын асықты. Бірде қиыс тепсе, бірде қақпашы Петер Шмейхель шеберлік танытумен болды. Ал ойынның аяқталуына 11 минут қалғанда Ким Вильфорт гол соғып, айды аспанға шығарды. Ол алаңдағы дат жанкүйерлерінің қуанышын көріп, ауруханада ауыр дертпен арпалысып жатқан жандардың бақытты сәтін елестетті. Оған футбол зұлымдықтан құтқарушы күш болып елестеді...

Дания құрамасы Еуропа чемпионы атанды!

Ким Фильфорттың қызы финал өте бірер күннен кейін көз жұмды. Өмірінің соңғы сәттерінде әкесімен мақтанды. Дания құрамасының ойынын ертегіге балаған Линнің қиялындағы арман жеңіспен аяқталды. Бірақ меңдеген ауруын жеңе алмады...

Араға 1 жыл сала Ким Вильфорттың шаңырағында тағы сәби үні естілді. Дүниеге келген қызына Рикке деп ат қойды. Кейіннен өмірге келген ұлы Миккель де футболшы болды. Ал өзі 1998 жылға дейін "Брондбью" клубында ойнады. Бүгінде бұл клубтың стадионын жанкүйерлер 55 жасқа келген футболшының құрметіне орай "Вильфорт Парк" деп те атайды.

P.S Иә, футбол - бірер сәт болса да, ұзақ болса да жанкүйерлерге бақыт сыйлай алатын құдіретке ие. Қазақ футболының жанашырлары да ұлттық құрамадан тосынсый мен жарқын жеңістер күтері анық. Себебі, біз де бақытты сәтті сезінгіміз келеді.

0
Рейтинг: +6

Жазылған уақыты: 11 қыркүйек, 17:31
Тегтер: Дания чемпион 1992, Ким Вильфорт, футбол тарихы
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.