Тамақтанудың үш түрі

Тамақтанудың үш түрі
жеке
блог

"Ас адамның арқауы"  дейді атам қазақ. Иә, шынымен де біздің бар қалпымыз, бітіміміз, көңіл-күйіміз жейтін тамағымыздың көрінісі. Басқа басқа мен үшін маңызды дүниелердің ішінде ішкен асымның алатын орны үлкен. Оның барлығы былай басталған:

Шамамен 2016жылға дейін мен өзімді қанша тамақ жесе де толмайтын ведьмамын* деп есептеп, мүлдем ондай дүниелерге мән бемейтінмін. Бірақ бір күні мен айнаның алдына тұрдым да артық салмағымның барын, дереу өзіме көңіл бөлуім керектігін, әйтпесе одан әрі бауырсақтана* түсетінімді анғадым, оның үстіне "толыпсың", "бетін томпақ болып кетіпті" деген пікірлер мен киілуі қиыңдаған көйлектерім де отқа май құя түсті. Сөйтіп бойымда үлкен комплекс, өз-өзіме көңіл толмаушылық пен сенімсіздік пайда болып, мен барлығының көзқарасы бойынша арықтаудың амалы аталатын ашығу мен спортты қолға алуды ұйғардым. Бірақ бұл екеуінің бергенінен гөрі кері әсері көп болды. Кейін интернетті ақтарып-ақтарып, неше түрлі сол тақырыптағы посттарды, диетологтардың, тағамтанушылардың, спортшылардың берген кеңестерін оқу арқылы опыт* болып алдым. Мен өз арықтау жолымдағы мақсаттарыма жете бастадым және осы арқылы тамақтану жайлы көптеген мағлұматтарға ие болып, ауқаттануларына қарай адамдарды үш топқа жіктедім. 

  1. Қате тамақтанушылар - олар кез-келген тамақты жей беретін адамдар. Қазіргі кезде өкінішке орай көбісі осылардың қатарында. Неге? Өйткені олар үшін бұл дұрыс тамақтану болып табылады. Әрине әркім өзі біледі ғой не жейтіндерін, қандай салтты ұстанатынын, өйткені өз өмірлері, өйткені әркімнің қалаулары да әртүрлі. Мүмкін ол адамдар үшін көп тамақтанулары тәуір көрінер, мүмкін тәттіні де, фастфудты да, майлыны да шектетусіз жегенді жандарына жақын санар, мүмкін дене бітімдеріне, сырт келбеттеріне деген сыни пікірлер олар үшін маңызды емес шығар. Алайда, "Жеген тамағыныз ол - сіз"  деген салиқалы сөз бар, яғни  дұрыс емес ауқаттануыныздың ауырлығы фигураныздан да, күнделікті көңіл-күйінізден де және ең жаманы денсаулығыныздан да көрініс табатын болады. Ал енді ойланыныз. 
  2. Дұрыс тамақтанушылар - өз жегендеріне жіті көңіл бөлетіндер. Мен өзім осы адамдар тобына кіремін және сіздерге де біздің қатарымызға қосылуларынызға кеңес беремін, өйткені арықтау жолында адасып кеткен мені дұрыс нәтижеге жеткізген де осы. Бірақ дұрыс тамақтану - диета деген кері пікірден аулақ болғайсыздар. Өйткені сіз бұл жолда жүру арқылы артық салмағыныздан арылып қана қоймай денсаулығынызды да түзеп, ылғи өзіңізді жайлы, жеңіл сезінетін боласыз. Дұрыс тамақтануда маңызды дүниелер майлы, тәтті тағамдардан, ұн өнімдерінен бас тарту, КБЖУ-ды үнемі есептеп отыру, тағамдарды әр күн мезгіліне қарай топтастыра білу. Былай қарағанда күрделі болып көрінгенімен бұны күнделікті әдетінізге айналдыра білсеңіз бір күні оның сіздің өмір салтынызға айнылып кетуі әбден мүмкін. Менің дұрыс тамақтану жолында жүргенімді білген ата-анам маған "дұрыстап тамақтансаншы" деп ұрсатын, өйткені олар бірінші топтың өкілдері болғандықтан дұрыс тамақтануымды диетамен шатыстырды.
  3. Сыроедтер. Шыны керек мен бұл ұғымның тікелей аудармасын білмейді екенімін тек мағынасы - шикі өнімдермен ғана тамақтанушылар. Жақында қандай жел айдағанын білмеймін гугл әпшемнен осы өмір салты жайлы дерек беруін сұрадым,  өйткені маған "тек шикі өнімдермен, еш  температура әсер етпей дайындалатын дүниелерді ғана жеп қана жүру мүмкін бе?" деген сұрақ маза таптырмады. Сөйтіп бір сыроедтің мақаласын оқыдым. Ол да дәл мен дұрыс тамақтануымды мақтағаным сияқты сыроедениені жетесіне жеткізе жазыпты. Оның айтуынша бұл тамақтану салтына ақыры соңында барлығы бой ұсынуға міңдетті, өйткені "тек шөп шалам және тек  жеміс-жидектермен ауқаттанудан ешқандай энергия алу мүмкін емес"  деу жалған, себебі ең күшті жануарлардың 70%ы шөпқоректілер, міс. Олардың ойларынша  45^-тан жоғары температурада даярланған тағамдардың бәрі өлі болып табылады және одан артық калориядан басқа ешқандай плюс деп санайтындай пайда келмейді. Бұнын дұрыс не бұрыстығын білмеймін, жаман деп те, жақсы деп те айта алмаймын, өйткені ол өмір салтында бағымды сынап көрмеппін, бірақ қызығушылық оянды. Ал сіз қандай тамақтану жолын таңдайсыз? Ps: вегетариандар деген тағы бір топ бар, алайда олар туралы барлығы да білгендіктен жазып керек емес деп ойладым. Негізінде мен де бір жылдай етсіз өмір сүріп көргенмін. Сыроедениенің жанында түкке де қиың емес екен.