Мамыр түні.

Қандай ғажап,иісі шығады,көктемнің,
Масайратып,сағынып қалған,өкпемді.
Тереземді ,ашып қойып отырмын,
Қарап шолып,айнала көз жеткенді.
Тәтті минуттар,еске түсіп кеткен ді,
Мамыр түні,неге оралттың,өткенді?

Кететін еді,ол кездері жылдам таң атып,
Сезімге толы,түндер еді ау,жанатын.
Өзім де батыл,қыздар да сұлу еді ғой,
Көзіне қарап,мейірің сусыз қанатын.
Сиқырлы түндер,қақса да қара қанатын,
Өзіңнен ғана,едім ғой ләззат,табатын.

Келмеске кеттің,ол түндер жастық шағымдай,
Отырам қалай,мамыр келсе сені,сағынбай.
Не қалды маған,иісіңнен басқа жұтатын,
Елес болып қалдың,қол жеткізбес ,сағымдай.
Отырмын енді,креслоны санап,тағыма-ай,
Тарсылдап жүрек,ақыл-ойыма бағынбай.



Бөлісу: