Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Массагетпен қалай таныстым?

Массагетпен қалай таныстым?

Массагетпен қалай таныстым?

   Массагетті туғанынан танимын. Ол кезде мектеп оқушысы едім. Интернетті шарлап отырып массагетке тап болғалы бері өзіме риза болып жүрдім. Күн сайын кіріп, мақалаларын жібермей оқитынмын. Достарыма да үнемі жарнамалап жүретінмін. Әлі де сол, ештеңе өзгермеді. Массагетке махаббатым сол баяғыдай))) Бір қызығы, массагетім өмірімнің әр кезеңінде маған ақылын айтып отыратын. Мен ҰБТ тапсыратын жылы ҰБТ-ға қатысты мақалалар мен блогтар қарша борады. Грантқа түскенімді де дәл осы массагет тілшілерінен білген едім. Сол үшін маған ыстық деп қояйыншы)) Күні-түні блогерлердің әр жазбасын жібермей бақылап отыратынмын. Талай таңды массагетпен атырдым. «Мен де осылай блог жазып, мені де біреу оқыса екен» деген ниет болса да, жүрексінетінмін. Өйткені, білімім жетпейді, мен әлі дайын емеспін деп кейінге қалдыра бердім. Өзімді лайықсыз сезіндім. Массагеттің дәрежесі мен үшін өте биік еді. Қорқа-қорқа батыр боласың демекші, 1 жыл бұрын блог жүргізе бастадым. Менің де алғашқы жазбаларым «үздік блогтар» қатарына еніп, ел-жұрт оқи бастағанда жүрегім жарылардай болған. Сүйіншілеп құрбыларыма бір мақтанып алғанымды да жасырмаймын))
 
Биыл Алматыда өткен марафонға барсам, Массагетімнің көк туы желбіреп тұр. Жүрегім алып-ұшып жетіп бардым. Есім ауып  массагет ұжымына не айтып, не қойғанымды білмеймін. Егер қателеспесем, сол кезде Ербол ағаның Жапырағы да болды сол жерде)) Оны кейін ойланып жүріп есіме түсірдім.
 
Мына сурет сол күнгі естелік. Құрбым екеуміздің көңілімізді қалдырмай жиналып, бізбен естелік суретке түскендеріңізге рақмет! Жақсы көремін) Және адал болып қаламын. Жасай бер, өркендей бер, массагетім...
 Ал сіз массагетпен қалай таныстыңыз?)
6
Рейтинг: +7

Жазылған уақыты: 08 тамыз, 18:53
Тегтер: массагет, блог, блог жазу, блогер болу, ұбт, массагет ұжымы, армандар орындалады
Пікірлер
+3
08 тамыз, 23:48

Саған да рақмет, Айкүміс! Сайтқа деген адалдығың ұзағынан болсын!

+3
09 тамыз, 12:56

Жақсы жазып жүр едіңіз, соңғы кезде блогтарыңыздың арасы сиреп кетті ғой, Айкүміс. Жиі жазып, бізді қуантып тұрыңыз.

+0
09 тамыз, 18:25

Жазбай кеткенім рас... Бірақ қайта қолға алдым) Бұйырса, жақсы жазбалар болады!

+2
09 тамыз, 17:37

Оооо Айкүміс, қош келдің!
Күшті сурет!
Ербол ағаңның Жапырағы қазір ана атанды, мен әке:)
Жазып тұр...

+0
09 тамыз, 18:24

Иә, инстаграмнан көрдім) Бауы берік болсын! Қуаныштымын сіздер үшін))

+0
19 тамыз, 14:58

Жазарың көп болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.