Мен- Ана тілім- Болашақ

Мен- Ана тілім- Болашақ
жеке
блог

        Әр адамның күнделікті өмірін тілсіз елестету мүмкін емес. Өмір тілмен біте қайнасып кеткен. Себебі, сол ауызекі сөйлеу  арқылы көзімізді ашқаннан айналамен қарым- қатынасқа түсеміз.

         Қазіргі кезде тіл маңызды мәселелердің бірі болып қоғамда қызу талқыға салынады.

           Қазақ тілі тек ана тіліміз ретінде емес, мәңгілік елдің мемлекеттік тілі ретінде де әлемге танылуда. Ал осы мәртебені тұғырында нық тұрып, уақыт табы жүктеген жүк пен жауапкершілікті абыроймен атқарып, ғасырлар бойы қалыптасқан кемел арнасы толығып, болашақ төрінен көріне беруіне әр кезеңдегі ұрпақ еншісінде болатыны шындық.

           Тіл -болашаққа бастар, айқын да нақты жол. Тілсіз болашақ жоқ. Себебі, бүкіл ұлттық болмысымызды тілден бастау алып, тіл арқылы жалғасын табады.