Жұрттың баласы

Жұрттың баласы
жеке
блог

Біздің қазақта екі бала бар, "иттің баласы" және "жұрттың баласы")))
 Бұл көп талқыланып жатқан тақырыптардың бірі. Менің де осы жайлы жазғым келіп отыр. 
Жалпы "жұрттың баласы" деген сөзді әу баста кім шығарған екен?! Меніңше, атам заманнан келе жатқан сияқты. Статистика бойынша, Қазақстанда әрбір екінші ата-ана "жұрттың баласы" деп өз баласына аз да болса да айтқан екен. Не себепті айтады екен? Осыған тереңірек үңілсек. Жұрттың баласы

Егер бала бір қателікті жіберсе немесе бірдеңеге ұрынып қалса, бірнәрсе жасау қолынан келмесе ата-ана өз балаcын басқа балалармен салыстыру мақсатында айтады. Олар ойлайды, егер осы сөзді айтсам балам жақсы жағына өзгереді, осы сөз арқылы бала үлкен белестерді бағындырады деп ойлайды. Жоқ! Қателеседі! Керісінше, олар бұл сөз арқылы баланы төмен деңгейге түсіріп жібереді. Егер сіз балаңызға "жұрттың баласы" дегенді айта берсеңіз, ол баланың миында "жұрттың баласы мықты" деген стереотип қалыптасады. 

"Аааа, мен емес жұрттың баласы менен мықты екен ғой" деген ой пайда болады. Бір мысал айтайын, бір конкурс болып жатыр делік, одан тек мықтылар ғана өтеді. Сол конкурсқа тапсырайын деп жүрген бір бала уақыт өте келе ойын өзгертіп "ой қойшы, менен де талай мықтылар бар ғой, бәрібір өтпейтін сияқтымын" деп бас тартады. Көрдіңіздер ме, қайдан пайда болып жатыр бұл ой? Бәріне кінәлі "Жұрттың баласы" деген сөз. Оның ата-анасы бұл сөзді санасына әбден құйып алған. Тағы да күнделікті өмірде жиі кездесетін мысалдар: "Жұрттың баласына қарашы, сабақты жақсы оқиды, мақтау қағазын алыпты немесе пәленшенің баласына қарашы ЕНТ-дан жоғары балл алыпты, грантқа оқуға түсіпті, пәленше олимпиададан 1-орын алыпты, ал сен иттің ғана баласы, қолыңнан түк келмейді" дегендей тағысын тағылар толып жатыр. 
Құдай-ау! Бұл сөздерді айтсаңыздар бірдеңе өзгереді деп ойлайсыздар ма? Бұл сөздермен балаңызды іштей жегідей жейсіз ғой! Балаңыз бір жақсы нәтиже шығару үшін бұл сөз ешқашан көмектеспейді. Жұрттың баласы

Айтқым келгені, баланың сәтсіздіктеріне, кемшіліктеріне ең бірінші ата-ата кінәлі! Әрине, ата-ана баласын жаман болсын деп тәрбиелемейді. "Жұрттың баласы" деп жақсы болсын деп айтады. Баланы кішкентай кезінен бері басқа балалармен әбден салыстырғаннан кейін, бала өсе келе өзін басқалардан төмен санап, түрлі сәтсіздіктерге ұшырайды. Ал шешесі (байқауымша бұл сөзді әкелер көп айтпайды екен) одан да бетер "жұрттың баласы" деген сөзбен қамшылайды, одан да бетер баласын кінәлайды! Шындығында, бұған балаңыз емес, СІЗ кінәлісіз! Әу баста өзіңіз қателік жібергенсіз. Өкінішке орай! 

 Бір қызығы басқа ұлт өкілдері өз баласын басқа балалармен салыстырмайды, бұл олар үшін өте ерсі. 
Меніңше, қазақтардың сәтсіздіктеріне, жалқаулығына бір ғана сөз "жұрттың баласы" кінәлі. 
Бір таныс досыма анасы жиі айта берген ғой осы сөзді. Ол бірде "Айта бермеші, керек болса сол жұрттың баласын өзің асырап ал!" деп. Содан кейін анасы бұл сөзді айтпайды екен. Жұрттың баласы
Қарап отырсақ, бұл сөз жай ғана қарапайым болып көрінгенімен, баланың псиxикасына әсер етеді. Өмір бойы өз-өзін төмен бағалайды, өзін басқалармен салыстырады, өзіне сенімсіз болады. Ол үшін мәңгі "жұрттың баласы" мықты болып қала бермек. 
 
Егер керісінше алып қарайтын болсақ, балаңыз сізге "жұрттың ата-анасына қарашы, баласына машина алып беріпті, анандай оқуға түсіріпті, ал сен болсаң.. деген сөздерді айтса жақсы ма? Жоқ, сіздің көңіліңіз түсіп кетеді. Рас па? Сол үшін бұл сөздерді айтпауға тырысыңыз. 10 жасына дейін айтпаңыз. Өйткені 10 жасқа дейін баланың сана-сезімі толық қалыптасады. Әйтпесе кейін өте кеш болады. Егер балаңыздың үлкен жетістікке жеткенін қаласаңыз, бастық тіпті миллионер болсын десеңіз "жұрттың баласы" деп ешқашан айтпаңыз! "Сен бәрінен де мықтысың!" "Менің балам керемет!", "Сенің колыңнан бәрі келеді" деп айта беріңіз. Балаңызға беретін маxаббаттың шегі жоқ, мақтау сөздер ешқашан артық болмайды! Кейін нәтижесін көретін боласыз. Қайталап айтамын, сізге кішкентай кезіңізде бұл сөзді айтқан шығар, бірақ сіз бұндай қателікке бой алдырмаңыз. Балаңыз иттің баласы емес, ӨЗІҢІЗДІҢ балаңыз! Ертең қартайғанда сізді жұрттың баласы емес, ӨЗІҢІЗДІҢ балаңыз асырайды ғой! Сіз жұрттың немерелерін емес, ӨЗІҢІЗДІҢ немерелеріңізді бағатын боласыз! (Әрине, менің ойыммен келіспейтін адамдар да бар. Артық кетсем кешірім сұраймын) Бәрібір сол ЖҰРТТЫҢ БАЛАСЫНА жетпейміз ғой.)))