Су перісі

Су перісі
жеке
блог

         Бүгін тағы, әдеттегідей таңды жағада қарсы алдым. Кейде жер бетіне шыққым келеді. Кейде емес-ау үнемі. Жердегі қым-қуыт тіршілікпен, жүзбе құйрықтарының орнында аяқтары бар адамдармен, сол  адамдардың сусыз қалай дем алатынымен танысқым келеді. 

     Таң атты. Алайда мен таңды жағада емес, мүлде басқа жерде қарсы алдым. Менің арманым орындалды. Расында да арманым орындалды. Менің адамдардан еш айырмашылығым жоқ. Мен енді су перісі емес пін, мен адаммын. Қандай керемет сезім. Мен бақыттымын. Өңім емес, түсім сияқты. 

      Иә, расында да  түс екен. Жай ғана түс болғаны ма? Жоқ жай ғана түс емес өте тәтті түс екен. Мені тәтті қиялдан анам алып шықты. Анама айтсам " Есейген соң бәрі қалады",- дейді. Жарайды. Бірақ, мен есейдім. Ал қызығушылығым бәсеңдеудің орнына, уақыт өткен сайын артып келеді.

      Жер бетіне аяқ бассам деген құштарлығым, адамдардың мені көргендегі сезімінен кейін күрт бәсеңдеді.

         Анам дұрыс айтыпты. Мен есейдім. Мен теңізді сүйемін! Теңіз менің- өмірім!