360 адамды құтқарып қалған әйел

360 адамды құтқарып қалған әйел
жеке
блог

 

 

 Бүкіл дүние жүзіне қасірет әкелген небір зұламат соғыстар өтті жер бетінде...Талай боздақтардың көз жасы жерге тоң болып қатып, Жер-Ананың құшағын қан жуды.Осы жолда тағдыр керуенімен небір азаматтар өтті: бірі «жаным-арымның,Отанымның садағасы» десе, бірі құйынға қарсы тұрған заңғардай кері шегінбеді.Олар өлімнен қорықпады,себебі болаттай батылдығын қорқыныштың алауы балқыта алмады.Оларды біз «батыр» дейміз...

 Соғыстың қорқынышты күндері артта қалып, бейбітшілік төріне қадам бассақ та, батырлықтың бағасы өшкен жоқ.Тек өлшемі өзгерді.Біреулер «батырлық-өмірмен күресу» десе, біреулер үшін «ерлік-өз қорқынышын жеңу», басқаларына «батырлық-тәуекел етумен тең».Ауыр дерті жеңген адам-кейбіреулер үшін батыр болып саналса, суға батып бара жатқан жанды құтқарған адам да-көпшілік үшін батыр.Жалпы батырлық тек қолға қару алып,атой салумен шектелмейтінін бәріміз білеміз.Оған дәлел болар, адамзат баласына үлгі болар оқиғалар бүгінгі күні аз емес.Сондай оқиғалардың бірі-Нирджа есімді үнді әйелінің ерлігі.Нирджа Бханот «Pan American» авиакомпаниясында борт серік болып жұмыс атқаратын.1986-жылы Нирджа болған «РА 73» ұшағы Мумбаи қаласынан шығып Карачиге қонған уақытта қарулы 4 террорист ұшақ жолаушыларын тұтқынға алады.Дәл осы сәтте Нирджа экипаж мүшелеріне дер кезінде хабар беріп, олардың қашып шығуына септігін тигізеді.АҚШ азаматтарының төлқұжаттарын жасырып, нағыз аласапыран басталған уақытта қосымша есікті ашып, жолаушыларды сыртқа шығарады.От пен оқтың, өмір мен өлімнің арасында жүріп үш бүлдіршінді құтқармақ ниетпен кеудесін оққа тосып, қаза болады.Нирджа бұл уақытта небәрі 23 жаста болатын.

-Ол өзгелер үшін өз өмірін құрбан етті;

-Ол өлімнен қорыққан жоқ;

-Ол 300-н астам адамды құтқарып қалды;

-Ол қайтпас қайсарлығы үшін «Ашока Чакра» атындағы мараптқа ие болды;

-Оның ерлігі негізінде 2016-жылы «Нирджа» атты фильм түсірілді.

 «Ерлік-білекте емес,жүректе!»

 

(Нирджа Бханот туралы ақпарат және фотосурет «Уикипедиядан» алынды).