Астанам- бас қалам

Астанам- бас қалам
жеке
блог

Арман қала асқақтаған бас қалам, 

Ұлы бабам армандаған жас қалам. 

Еліміздің ел ордасы боп қаланған, 

Гүлдене бер, өркендеп, дами берші Астанам!

 

Болашақта алтын көпір сәт сапар, 

Мақсат, тілек, армандарға көз жүгір. 

Тірегі боп, Қазағымның ордасы, 

Талпын елім, еңбек етіп, із қалдыр. 

 

Тәуелсіздік тұғырында талай қазақ қан төгіп, 

Құрбан етіп,  қиды жастар өмірін. 

Ата-баба талай жылдар аңсаған,

Астанаға толды міне ,қанша жыл. 

 

Армандар сүйреді алға әрқашанда, 

Тек арман мені артқа тарта салма. 

Менің де таңғажайып ертеңім бар, 

Қазақта Астанадай қала барда!