Әкетайым

Бәйтерегім,асыл әкем, жанашыр, 

Сенің орның әрқашан да дара тұр. 

Ұлы тұлға туылғалы сен бізге, 

Жұлдызсың ба көрсетер жол дұрысын?

 

Жасың жетсін әкетайым тек жүзге, 

Тілер соны барлық туған-туысың.

Әкетайым, әлемдердің асылы, 

Жүрегімнің бір бөлшегі, ән-жыры, 

Сенің арқаң осы күнге жеткенім, 

Сендей болсын азаматтар ел ұлы!



Бөлісу: