Адам. Өмір. Уақыт

Адам. Өмір. Уақыт
жеке
блог

Уақыт – біздің өміріміз. Мен уақыттан, ол менен ажырай алмаймыз. Он жеті жылдық өмірімді уақыт таразысына салып қарасам, ол мені біраз есейтіпті. Бір түйгенім: уақыт бізге жаңа болып көрінген өзінен өзгенің бәрін ескертеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысын өзі беріп, емін де өзі жасайды екен. Біздің қолымыздан бәрі келеді және біраз өзгерте аламыз. Тек уақытты емес.
Кеше ғана 1-сыныпқа барып, кішкентай Ақнұр болып мектеп табалдырығын аттаған едім. Енді, міне, таудай болып өсіп Қазақ ұлттық университетінің табалдырығынан аттап шығармашылық емтихан тапсырып отырмын. Болашақтағы арманым – журналистика әлемінің ыстығына күйіп, суығына тоңып өзім үшін, елім үшін, адал қызмет ету. Мен таңдаған мамандық аясы – кең, журналисттің қатыспайтын оқиғасы, жазбайтын тақырыбы жоқ. Дәл қазір мен болашақ журналист ретінде тақырыпты талғағым келіп тұр. Қазақстанда дүниеге келдім, осында өстім. Кең байтақ жеріміз – біз үшін үлкен мақтан тұтарлық қасиетті мекен. Ұлан байтақ жері өз алдына, оның көркем табиғаты мен қазба – байлықтары, табиғи ресурстары, Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп келеді. Осындай елмен, әрине, мақатанасың. Қазақ елі – мақтануға тұрарлық ел. Осынау жетістіктеріміздің бәрінде Елбасымыздың бейбіт саясаты «Отан деп соққан журегі, мәңгілік елге мәңгілік бақыт орнатуды көздеген тілегі бар».
Рухани жанғыру – адам баласының, оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Астана қаласының туған күні – Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да туған күні. Астана - атына заты сай сәулеті келіскен алып шаһар. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз – елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала түрғызуы – теңдессіз қайсарлық. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады. Елбасы - бізбен бірге. Менің идеалым Нұрсұлтан Әбішұлы Елбасына ұқсағысы келетін балалар көп. Балалардан өскенде кім болатынын сұрасаң көпшілгі «Президент боламын»,- деп жауап береді. Дәл солай жауап беретін баланың бірі мен өзім болатынмын. Бұл жақсылыққа ұмтылу деп ойлаймын. Абай Құнанбаев айтқандай «болмасаңда ұқсап бақ» демекші әр адам өзінің идеалына ұқсағысы келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев кішкентай кезінен алғыр болған, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыған екен. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеліп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға тырысады екен. Әрине, кітап-біздің өміріміздің кілті, айнымас адал досымыз. Кітапты сүйіп оқитын жандар мен оқымайтындардың арасында жер мен көктей айырмашылық бардай көрінеді. Кітапты сүйіп оқитын жандармен кез-келген тақырыпта еркін сойлесіп, құнды пікірлер бөлісіп, ой алмасасың. Кітаптар өміршең қасиетке ие. Олар адамзат өмірінің ең қымбат, ең құнды жемісі. Сондықтан оны адамның жанашыры, жақын досы деуге болады. Әлішер Науаи айтқандай, «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына».