Кітап - өмір кілті

Кітап - өмір кілті
жеке
блог

Кітап - өмір кілті

       Кітап – біздің досымыз. Онсыз адамның өсуін де мүмкін дей алмаймын. Көпшілік адам жас қосылған сайын өседі дейді. Алайда, менің ойымша, адам жас ұлғайған сайын емес, ақыл ұлғайған сайын өседі. Кітап оқитын жандар мен кітап оқымайтындардың арасында жер мен көктей айырмашылық бардай көрінеді. Кітапты сүйіп оқитын жандар кез-келген тақырыпта еркін сөйлеп, танымығды арттырып, көкейіңе білім сәулесін түсіретіндей. Онымен сөйлесіп отырып, қаншама мағұлмат алып, құнды пікірлермен бөлісіп, ой алмасасың. Жақсы кітап адамды тек жақсылыққа баулып, дүниеге көзқарасын кеңейтеді. Сондықтан оны адамның жанашыры, жақын досы деуге болады.

«Кітап жазып, газет-журналға мақала шығарып, Алашқа қызмет қылмасақ, басқа жол бөгеулі»

Әлихан Бөкейхан

 

«Кітаптар өлмейтін қабілетке ие. Олар адамзат қызметінің ең өмірлік жемісі»

Сэмюэл Смайлс

 

«Кітап – ақылына ақы сұрама»тын алтын қазына»

Әлішер науаи