Жиырма жасар Астана
жеке
блог

Жиырма жасар Астана

Уақыт үні

Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай ыстық. «Отан үшін отқа түс – күймейсің» - деген мақал бар. Расында да, егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өмірін қиған адамның өзі өлгенімен, аты ешқашан да өлмейді. Тарихта мәңгі қалады. Қазақстанда дүниеге келдім осында өстім. Енді міне, еліміздің щоқтығы биік білім ордасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің табалдырығынан аттап, журналистика мамандығының тізгінін ұсатамақпын. Кең байтақ жеріміз біз үшін үлкен мақтан тұтарлық қасиетті мекен. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның көркем табиғаты мен қазба-байлықтары, табиғи ресурстары, теңдесі жоқ, рухани жанғырудың тілімен айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп келеді. Осындай елмен, әрине, мақтанасың. Қазақ елі мақатнышқа тұрарлық ел. Осынау жетістіктеріміздің бәрінде Елбасымыздың бейбіт саясаты «отан» деп соққан жүрегі, мәңгілік елге мәңгілік бақыт орнатуды көздеген тілегі бар.

Астана қаласының туған күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да туылған күні. Елбасымыз 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Анасы Әлжан Нұрсұлтанды 35 жасында дүниеге әкелген екен.

«Әлжан ана перзент көрмей, құрсақ көтермей, аяғы жеткен жердегі әулиелерді аралап, ақыры Райымбек батырдың басына келіп түнеген түні түс көреді...Түсінде ен далада жүріп келеді екен. Жүріп келеді, жүріп келеді, ақыры көз ұшында сағымданып көрінген бір теңізге келіп жетеді. Теңіздің түбіне түседі, жүре береді, бір кезде теңіздің түбінде көлденең жарқырап жатқан ұзын мылтықты көреді. Мылтықты көтеріп алып, иығына салып, сол күйі теңізді кешіп отырып, арғы бетіне шығады... Әулиелер қолдап, Алла анамыздың тілегін беріп, тоғыз ай тоғыз күн көтеріп, дүниеге болашақ Президент әкелді»!

Ел бағына туылған,

Ұлтқа ұран, ту болған,

Халқы патша сайлаған,

Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Қазақ елін басқарған,

Шекарасын салдырған,

Дербестікке бастаған,

Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Бүкіл әлем таң қалған,

Парасатты, данышпан,

Мойындаған бар ғалам,

Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

            Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресіми көшіру 1997 жылы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. Астана – сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара – Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген дас қаламыз – елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Астана – Елбасының ғажайып ерлігі.

            Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Н. Әбішұлы ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы теңдессіз қайсарлық. Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан. Халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш – Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанамыздай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналды. Өзімнің журналист мамандығыммен еліме, жеріме үлес қосамын деп ойлаймын. Елім үшін қолымнан келгеннің бәрін аямаймын!