Асыл Беделхан жаңа кью-поп тобын құрды!

Асыл Беделхан жаңа кью-поп тобын құрды!
жеке
блог

Елімізге танымал, аты шулы Отандық '' Ninetу one'' тобының продюссері Ерболат Беделханның жары Асыл Беделхан қыздардан құралған жаңа кью-поп тобын құрды. Кью-поп деп аталатын субмәдениетті елімізге алғашқылардың бірі болып 91-тобы әкелген болатын. Көпшіліктің ыстық ықыласы мен қолдауына ие болған топтың продюссерлері бұл ортаны ауқымдырақ етуді көздесе керек. Топ құрамы өте талантты, жарқын, жас бойжеткендерден құралған. Топтың жарқын да ашық образдары көрер көзді өзіне еріксіз тартып тұратыны айдан анық. 

Герлз-бендті құрмастан бұрын Ерболат Беделхан дарынды жастарды іздейтіні жөніндегі кастинг жариялаған болатын. Кастингке келіп, бақтарын сынамақшы болғандар аз емес еді, алайда кастингтің талаптары мен шарттарына көпшілігі сәйкес келмеді.  Кастингтен бергі бойжеткендердің өнерлі додасы телеэкраннан көрермендерге qpop-idols атты жоба болып жолданған болатын. Жоба 4 емтиханнан құрылған, әр емтихан сайын ,продюсер өзінің өнер деңгейін мейлінше көрсете алмады деген жас әншілерді жобадан шығарып тастап отырды. Мүлде басқаша бейнеде келген жас өнерпаздардың образдарында бірталай өзгерістер енгізіп , оларды нағыз кью-поп әншісінің майталмандарына айналдыруға  Асыл Беделхан бір үлесін қосты.

Алғашында, кастингтен 12 дарынды бойжеткен суырылып шығып бақ сынасса , жобаның  ақтық емтиханында 8 қыз қалып, олардың 4 -і ғана дебютті жеңіп алды. Оларға  Juzim деген атау берілді. Көрермендердің пікірі шешуші емтиханнан кейін екіге бөлініп,кең көлемдегі пікірталасқа ұласты. Пікірталас -көрерменнің келіспеушілігінен яғни топ құрамымен келіспегендіктен туындаған болатын. Өз сүйікті әншілерін болашақ топтың құрамынан көрмеген жанкүйерлер әлеуметтік желілерде әртүрлі хештегтер арқылы өз әншілерін кері шақыртқысы келсе керек. Кастинг әділ түрде өтпеді деген пікір тыңдармандардың агрессивті іс-әрекеттеріне әкеле бастады. Агрессивті дегенде, ғаламтор желілерінде желдей ескен қарсылық жолдаулары продюссердің құлағына жеткен болатын. Бұл дау небір қауесеттермен толыға бастап, іс насырға шаба бастаған мезгілде Асыл Беделхан өзінің инстаграмм желісіне келесі постты жариялады: " Мен сендерді толықтай түсінемін, сендердің өз сүйіктілеріңді ақтық мәреге дейін қолдауларың қуантарлық жай. Бұрынырақ айтқанымдай , барлық қыздар дарынды, әдемі, жас, және ең бастысы еңбекқор әрі талабы зор. Мен әрқашан әртісті таланты үшін бағалаймын. Сол себептен мен жобада болған әрбір қыз үшін мақтанамын, және де  олармен жұмыс істеу мен үшін бір мәртебе болды. Ал егер де сіздер өз сүйікті әншіңіз үшін қапалансаңыздар, онда менің сіздерге деген жақсы жаңалығым бар, қалған 4 қыз менімен бірге жұмысын жалғастырады, олармен мен қазірдің өзінде контрактіге қол қойып қойдым. Олар дебютті  осы жылы емес, келер жылы алатын болмақ. Сол себептен, қымбатты тыңдармандар, сіздерден барынша сабырлықты сұраймын. Бұл жайында сіздерге кейінірек тосынсый ретінде айтпақ ойым болған. Алайда маған ең бастысы сіздердің тыныштықтарыңыз маңызды, бір-бірімізге түсіністікпен қарай білейік. " 

Осылай деп өз ақпаратымен бөліскен Асыл Айдарқызы барынша тыңдармандарды тыныштандыруға тырысты. Бұл жазба жанкүйерелрдің біразын сабырға шақырып, әлеуметтік желідегі қарсы көзқарастағы тыңдармандарды өз орнына түсірді. 

Құрылмай жатып, көп сынға ұшыраған Juzim тобына алдағы уақытты тек сәттіліктер тілей отырып, Отандық шоу-бизнестің қайнар көзінде тек жарқын образдарын жоғалтпай, тың туындыларды өз көрермендеріне тарту ете беруін тілеймін. Басы қатты болса да , аяғы тәтті боларына сенімім кәміл!